Жаңалықтар

Жайқалған «Жұрындысай» саясында

14.07.2013, 16:43 | Пікір: 2

Адамдар қауымы үш түрлі бола алады: қарапайым, орташа, ұлы адамдар. Қарапайым адамдар өзін ғана, орташалар өзімен қоса жақындарын ойласа, ұлы адамдар-қоғамға ықпал жасаушылар, ел болашағын қалыптастырушылар, жалпы рухы биік жандар. Соңғысына, сөз жоқ, өзінің соңынан мыңдаған адамды ертіп, қашанда алда бола білетін көшбасшылар жатады. Дәл сондай көшбасшылардың бірі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  қолдауымен,  «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың 17 маусымында  тамаша табиғат аясында орналасқан «Жұрындысай» балалар лагерінің аумағында жоғарғы сынып оқушылар арасында азаматтық белсенділікті  арттыру мақсатында  «Белсенділік неден көрініс табады?» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың көздегені оқушыларды  белсенділікке шақыра отырып, елін, жерін құрметтеу, Отан тарихын терең білу арқылы Қазақстандық патриотизмді тереңдету. Аталған іс-шара барысында   «Туға қарап түзел!», «Шешендік өнер», «Азаматтық белсенділік күнде», «Бізбен ойна, балақай» атты секциялық жұмыстар жүргізілді.

Бұл секциялардың жұмыстары біткен соң, үлкен алаңда арқан және жіңішке жіптердің көмегі арқылы бернеше курстар өткізіліп, жалғасы заманауи би түрі «Стартинейджерге» ұласты.

Семинар соңында барлық қатысушылар марапатталып, «Достық шеңберінде» ән салумен аяқталды. Сонымен қатар  жоғарыда атқарылған істерде  «Жас Ұландықтардан» құралған еріктілер тобыда белсенділік танытуда тыс қалмады. Арайлап атқан ақ таңнан, бозарып батқан кешке дейін жұмыстарынан бір тынбады. Лагерь демалушылары үшін барларын салып, жақсы жақтарынан көрініп, тіпті жаңа достар да таба білді. «Жас Ұландықтар» үшін жайқалған «Жұрындысай» саясында жұмыс жасау үлкен әсер қалдырды.

Жас Ұландық

Сайлауова Арайлым

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Бекарыстан Аманжолов

    Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ерен еңбек етіп жатқан кез-келген азамат құрметке лайық! Батыстың арбауына үңіліп отқан, сұрпайы ойды місе тұтқан бос кеуделер осындай керемет шараларға қатысса ғой шіркін!! Жамбылдық жас ұландар сөз жоқ, жарайсыңдар!!!

    17.07.2013, 10:53
  • Арайлым Сайлауова

    Бекарыстан, пікіріне үлкен рахмет! Егер мүмкіндік болып жатса, бізге рұқсат берсе осы іс-шараны Қазақстанның әрбір түкпірінде өткізуге дайынбыз!!!

    11.08.2013, 13:32
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.