• 112 ұпай

ДОСТАРЫМ

6 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      dan_balan_-_justify_sex_russkaya_versiya
    • Динара Кайыпова

      +1
      дауыс
      ТУҒАН ҰЛДАН НЕ ПАЙДА?

      Ақ жұмыртқа, сары уыз,
      әлпештеп қолда өсірген,
      туған ұлдан не пайда, -
      қолына найза алмаса,
      атаның жолын қумаса.
      Алаштың байлығынан не пайда –
      құланнан басқа ел таппай,
      маңқиған сары даладан
      екіндіде құлаған,
      тарығып келген ерлерге
      қайыры оның болмаса.
      Алтын тақты хандардың
      хандығынан не пайда,
      қарып пенен қасерге
      туралық ісі болмаса
      Маған ұнайды:
      12.12.2013, 15:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динара Кайыпова

      Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар
      Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,
      Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
      Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
      Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
      Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,
      Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
      Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас
      Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
      Шындықты айтсаң «нақұрыс, тентек» дейді,
      Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
      Мейірімнен айрылған ортада, апа,
      Көз жасқа да көп адам селт етпейді.
      Маған ұнайды:
      04.11.2013, 14:32
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динара Кайыпова

      "Әдеби әлем" порталы ашылды
      “Жайық Пресс” ЖШС-нің бас директоры Шыңғыс Мұқанның айтуынша, заманауи техниканың мүм­кіндіктерін пайдаланып, алыс-жақын шетелдегі бауырларымызға дейін енді еліміздегі аты танымал қаламгерлердің шығармаларымен таныса алады. Алғашқы бетінде әліпби тізбегімен берілген кез келген әріпті басып, сол әріптен басталатын ақын, жазушының ата-тегін табуға болады. Одан әрі оның қысқаша өмірбаяндық дерегі мен шығармалар атауының тізбегі берілген. Ұлы Абайдан бастау алып, Ма­хамбеттей батырдың жалын жырын оқырманға жеткізген бұл бағдарламада қарымды қаламгерлердің біршама өлең-дастаны мен повесть, т.б. еңбектері енгізілген.

      Бұлармен қатар Ақ Жайықтан шыққан ақын-жазушылардың туындыларын оқырмандар осы порталдан оқи алады. Балаларға арналған бөлімде олар Алдар көсе мен Ер Төстік, басқа да ертегі-аңыз кей­іпкерлерімен жүздесе алады.

      Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов қолдау көрсеткен “Әдеби әлем” жобасы жаңа бастама бол­ғанына қарамастан, облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқауда тың идеяларымен озып шығып, жеңімпаз деп танылды. Енді халайық ғаламтордағы “www.adebіet.kz” сайты арқылы ана тілінде әдебиет әлеміндегі тың дүниелермен таныса алады.
      Маған ұнайды:
      04.11.2013, 14:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динара Кайыпова

      He деген керемет күн
      He деген керемет күн!
      Жаныда бәрі даяр не керектің:
      Көрінеді гүлдерің бүр жарғаны,
      Естіледі ұшқаны көбелектің.
      He деген керемет күн!
      Естіледі бал-ара нәр сорғаны,
      Бармақтай балапан құс ән салғаны.
      Бәрін де кеудесіне қондырып ап,
      Дала бір рахатта,
      Дел-сал жаны.
      Таулардың самал ессе балағынан,
      Гүлдер тұр үзілердей сабағынан.
      Шартарапта шауып жүр нұр мен шуақ
      Шашырап күңнің алтын табағынан.
      Сусындап көк аспанның шанатынан,
      Шарықтап шыңырауда ана-қыран;
      Ару-жер өз дидарын қарап жатыр,
      Мөп-мөлдір, тұнық көктің жанарынан.
      He деген керемет күн!
      Кейпіне елітесің төңіректің.
      Қаласа мына жатқан сәби-дүние.
      Келеді өміріңді бере кеткің...
      Маған ұнайды:
      04.11.2013, 14:06
      Предыдущие 6 комментариев
    • Динара Кайыпова
      Өмір
      Өмір жайлы сұрай берме сен
      менен
      Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп
      ем.
      Өмір жайлы білгің келсе қартқа
      бар,
      Қан майданнан жалғыз ұлы
      келмеген.
      Жесір келін бір нәресте көрмеген,
      Жетім шалды бала орнына
      тербеген.
      Өмір жайлы не түсінем мен
      деген,
      Өмір жайлы сұрай берме сен
      менен.
      Өмір жайлы білгің келсе қартқа
      бар,
      Өміріне кегі кеткен өлмеген.
      Жалған айып, таңылғанда
      көлденең,
      Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
      Содан сұра, содан сұра өмірді,
      нені көрді,нені сезді, не білді.
      Неге ақылды,ақымақтан жеңілді,
      Біреуі жылап, біреуі неге көңілді?
      Мұқағали Мақатаев
      Маған ұнайды:
      27.10.2013, 1:13
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220