Балалардың басын қосқан «Бала би»
Құрметті жас ұландар мен жас қырандар! Осы мақаланы оқып отырған көпшілік оқырмандардың Жас Ұлан қатарына өткені белгілі. Жас Ұлан ұйымы Қазақстандағы барлық жасөспірімдер мен балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелейтін бірден-бір ұйым. Жас Ұлан ұйымы осы мақсаттарды алға тарта отырып, өздерінің бірнеше іс-шараларын, форумдарын, семинарларын, көптеген білімділік интеллектуалдық ойындарды республика көлемінде өткізіп жатқанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Осының бір айқын дәлелі 7-8 қараша күндері астана қаласында ең алғаш өткізілген «Бала би» балалар мен жасөспірімдер ге арналған шешендік өнер сайысы.Бұл сайысқа ҚР-ның барлық аймақтарынан келген балалар мен жасөспірімдер өз бақтарын сынады. Атырау облысының намысын қорғау мына бізге жүктелді. Жетекшіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хайреденова Айдана апай және 7 сынып оқушысы Кітапқали Айдын және мен 10 сынып оқушысы Ғилажева Лаура Астана қаласына барып өз бағымызды сынап келдік. Сіздердің назарларыңызға осы сайыстың шарттарын таныстыра кеткім келеді. Сайыс барысында мен уәзір қызметін атқарсам, ал Айдын жырау қызметін атқарды. Сайыс мынандай кезеңдерден тұрды: 1-ші айналым «Қоржын». Бұл кезеңде уәзір өзіне берілген тақырып бойынша көрерменге қоржын ұсынуы тиіс. Қоржынында мәйек, көрік өыздыру, сыр сандық, ұтқыр сөз, қара сөз, дәйек сөз, дәйек тірегі болуы тиіс. Тақырыптың өзегін тауып, өз ойын жеткізу бағаланады. 2-ші айналым «Ұлылар сөзі». Бұл кезеңде атақты би-шешендердің тауып айтқан сөздерінен сұрақтар қойылады.Дұрыс жауапқа тиісінше сәуле беріледі. 3-ші айналым «Жыраулар жырлайды». Бұл кезеңде жыраулар өз уәзірлерін мадақтай келе, қарсыласына тақырып бойынша сұрақ тастайды және өзіне берілген сұраққа 1 минут ішінде жауап беруге тиіс.Соңғы кезең «Таразы». Бұл кезеңде тақырып бойынша екі тарап бір мәмілеге келуге тиіс. Міне. Бұл сайыстың бәріміз білетін «Дебат» ойындарынан ерекшелігі де осы.Осы мақаланы оқып отырған болсаңыз «Бұл кәдімгі Дебат қой» деген тұжырымға келген боларсыз. Алайда, бұл олай емес. Сол кәдімгі Дебат ойындарына өзгеріс енгізіп, балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа формат, бұл- «Бала би». Осы орайда «Бала би» кімнің идеясы екенін айта кеткім келеді. Бұл ойынның авторы Гумилев атындағы университеттің 1-курс студенті- Аманжолов Бекарыстан Нұрланұлы. Жас та болса бас болған Бекарыстанның идеясын жарыққа шығарып, оның қолға алынуына атсалысқан Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы- Бөлтірікова Нәзира Болатқызы. Бекарыстан Нұрланұлы-2004 жылы қалалық балалар ұйымының президенті, қайырымдылық концерттерін ұйымдастырушы, Елтаңбамыздың авторы Ж.Мәлібековпен бірлесіп кітап жазған жас өнерпаз. Мен оның есімін ерекше атап өткім келеді. Себебі, ол бізге шешен болу жолдарын үйреткен бірден-бір адам.
«Бала би» шешендік өнер сайысында университет оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаттары, докторлар қазылық етті. Интеллектуалдық ойын өте әділ өтті. Сайыс қорытындысы бойынша алматы қаласы Абай атындағы қазақ тілін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектептен келген шешендер «Бала би», «Бала жырау» номинацияларын иеленсе, біз Атырау қаласына «Көркем сөз шебері» номинациясымен оралдық.
Астана қаласына барған кезімізден бастап бізді сыйлы қонақтай күтіп, бар жағдайымызды жасаған «Жас Ұлан» ұйымына айтар алғысым шексіз. Осы сайысқа қатысуымызға атсалысқан Атырау облысының «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Қанатова Мартагүл апайға, мектебіміздің директоры Зәуре Базылқызына, Мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Ерліхан Гүлдана апайға, дайындығымызды тікелей бақылаған барша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне, әсіресе, Хайреденова Айдана апайға, сынып жетекшім Абитов Қалыбек ағайға және асты-үстіме түсіп бәйек болған сыныптастарым 10»А» сыныбының оқушыларына ереше алғысымды білдіргім келеді. «Бала би» сынды балалардың басын қосатын интеллектуалдық ойын, сайыстарымыз көбейіп, өз жалғасын таба берсін!
Атырау қаласы.
№36 орта мектептің 10»а» сынып
оқушысы Ғилажева Лаура

0
Маған ұнайды:
13.11.2013, 16:54
Предыдущие 6 комментариев