Жайдарлы Жас Ұланмен Астанада
«Қараша айының жиырма жетісі» бұл күнді тырнақшаға алуымның бірден бір себебі, осы күннен бастап өмірімнің жаңа парақтарын «Жас Ұлан» ұйымымен бірге ғажайып етіп бастадым.
Бұл күнге қалай жеттім? Толығырақ айтып өтейін.
Елімізде «Білім және Ғылым министрлігі», «Жас Ұлан» ұйымы және «Қазақстан КВН одағы» мінеки, осы үш аталмыш бірлестіктердің бірігуімен Астана қаласында «Жайдарлы Жас Ұлан» зияткерлік сайысы болатыны жайында бізге Қызылорда облысының «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Гүлайым Ермекбайқызы айтқан болатын. Ал, бұл сайысқа Республикалық деңгейде өнер көрсетіп, біраз жетістікке қол жеткізіп жүрген жайдарман тобы ғана өнер көрсете алады екен. Біздің қуанышымызда шек болмады себебі, біз «Ақмаржан» жайдарман тобы қойылған талаптарды орындап қойған болатынбыз сондықтан бұл сайысқа еш қиындықсыз қатысумызға болатынын білдік.
Сөйтіп, «Қызылорда жайдарман» филиалы мен Қызылордадағы «Жас Ұлан» ұйымы бірігіп жаңа жоба «Ақмаржан» жайдарман тобын құрып, аталмыш топтың жетекшісі етіп Республикалық Жайдарман сахнасында өнер көрсетіп жүрген Қызылорда облыс әкімінің құрамасы «Тұңғыш Астана» жайдарман тобының белді ойыншысы Басаров Әліби тағайындалды.
Сонымен қызу дайындық басталып та кетті. Әне міне дегенде, елордамыз Астанаға жолға шығатын күнге де жеттік. Дайындығымыз мықты.
27 қараша
Екі күндік жолдан кейін «Болашақта ақылды қала» атанатын Астана қаласына жеттік. Поездан түсіп әп-әдемі зәулім Вокзалды көріп Астанаға жеттік деп бір қуандық. Қуанып тұрған сәтте, ұйымдастырушылар келіп көлікке отырғызып, жайдарманшыларды құшағына жинаған «Төлеп» деп аталатын қонақ үйге әкелді. Қонақ үй алдынан ұйымдастырушы Нұрбол есімді жігіт бізді жарасымды күлкісімен жымиып қарсы алып, жатар орнымызға жайғастырды. Ол кез таңғы сағат 9:30-дар шамасы болатын. Сағат 10:00-де кофенің ғажайып иісімен таңғы ас берді. Таңғы астан кейін Барлығымызды автобусқа отырғызып, Астана қаласының таңғажайып туындыларымен, көкке бойын созған үлкен-үлкен ғимараттарымен таныстырып жүрді(экскурсия). Бәйтерекке бардық, Пирамида, Қазақ елі монументы т.б. осылай жүргенімізде республикамыздың әр қиырынан келген Жайдарлы Жас Ұландықтармен танысып үлгеріп жаттым. Барлығы шетінен мәдениетті, білімді, сыпайы жалпы көңіл қуантады. Сол сәтте өмірімде бұрын соңды болмаған керемет бір көңіл күйде жүрдім.
Одан әрі, бұрын ішіне кіріп көрмегем тек теледидардан естіп, көріп жүрген, еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Еуразия Ұлттық Университетіне алып келді. Керемет, бұл оқу орнында білім алатын жастардың арманы жоқ шығар сірә...
«Бұл жерге біздерді неге әкелді?»,- деп ойлап отырған боларсыз. Себебі, бұл оқу орнының акт залында редакторлық жұмыстар өтеді. Редакторлық жұмыстан бұрын, «Жайдарман», «жайдарманшы» «Жайдарлы Жас Ұлан» деген ұғымдарды оқушыларға түсіндіру мақсатында семинар жүргізілді. Семинарды «Қазақстан КВН одағының» бас редакторы Рүстем Елжанов өзінің өткен, көрген жолымен саралап мысалмен естен кетпестей етіп жүргізді. ааа айтпақшы, семинар басында көрген адам қызығып «маған берші?» дегіздіретін блокнот таратылды. Менде блокнотты алып алдым.
Сөйтіп семинарда, оқушылардың көкейінен жарып шыққан сұрақтарына жайдарман тарихында есімі алтын әріппен жазылатын тұлғалар тың жауаптармен жауап беріп, оқушылардың өнеріне талмас қанат бітірді. Семинар қызықты сұрақтармен, ойландыратын жауаптармен қазықты болып өтті.Семинар аяқталып Редакторлық жұмыстар басталды. Осыдан 1-2 минут бұрын досыңдай болып әңгімелесіп, тәжірибе алмасып отырған адам осындай аздаған уақыт ішінде қатал редакторға айналып шықты.
Командалардың дайындығы әр түрлі, бірі мықты дайындалып келсе, бірі дайындықсыз келіп ұятты жағдайда қалып қойып жатты.
Түскі астың уақытында барлығымызды «Кәусар» деп аталатын халал кешеніне алып барды. Анамыздың жасаған асындай болмаса да, тіл үйіретін тағамдарды беріп қарнымызды қампитты. Жаңа, бейтаныс адамдармен бір дастархан басында отырып ас ішкен тіпті бөлек екен.
Одан кейін қайтадан редакторлық жұмыс. Редакторлық жұмыстар аяқталған соң құшағын жайып «Төлеп» қонақ үйі бізді күтіп тұрады. Қонақ үйге барғансоң кешкі ас ммм дәмді.
Кешкі астан кейін жаңа достарыммен әңгіме дүкен құрып отырып, ұйқымыз қанша келсе де ұйқыға әрең жататынбыз.
Осылай Жайдарлы Жас Ұланмен өткен Астанадағы 3 күнім 3 түрлі болып өтті. әр күні, әр түрлі қызықтар күтіп тұратын. Сол кездері Жігіттер қыздарға ғашық болып, түнімен телефонға маза бермей, ал қыздардың сұлулығы жігіттерге маза бермей. Танысуға батыл жетпей. Бір-бірін алыстан бақылап, қолымызды сермей жүрген кездер-ай! Есіме алсам жүзіме еріксіз күлкі келеді.
Сағынамын сол кездерді. Шіркін уақытты кері айналдыратын құрал болса ғой қолымда. Бұл құралды менен басқа, барлығы армандайтын шығар ә?
Иә...Оралмасқа кеткен күндерді қайтара алмайсын, өкінішті, бірақта, бұдан да ғажайып, керемет, қызықты күндерді «Жас Ұлан» сізге сыйлай алады. Мен бұған кәміл сенемін!
Жас Ұланның арқасы жаңа достар, жаңа қадамдар, жаңа арман, тілектер!
Сіздер көргенін, білгенін, естігенін ішінде сақтай алмайтын Тұрсынқожа Ерболаттың мақаласын оқыдыңыздар.

1
Маған ұнайды:
07.11.2013, 9:26
Предыдущие 6 комментариев