Туған жерім
Туған жерім тарихымның дастаны,
Алатауым арманымның асқары.
Туған жерім соғып тұрса жүректе
Мен қалайша сүйе аламын басқаны.
Туған жерім - ой-санамның тірегі,
Өлмейді ол мәңгі-бақи жүреді.
Атамекен деп соғады білемін,
Бар әлемде барша қазақ жүрегі.
Ауылымның мәңгі өшпейді кескіні,
Сай-саласы, тас бұлағы, хош гүлі.
Туған жерді жырламаған ақынның
Ақын емес, ақын емес ешбірі.
Мен туған жер Алатаудың етегі,
Қанат керген қырандардың мекені.
Гималайды менсінбеймін мен әсте
Алатаудың күнге қолы жетеді.
Туған жердің тарихымен бірігем,
Жанымды да бере аламын ел үшін.
«Өзге елдің жайнап тұрған гүлінен,
Өз елімнің тікені артық» мен үшін.
Ұзақ Шалқар
Туған жерім тарихымның дастаны,
Алатауым арманымның асқары.
Туған жерім соғып тұрса жүректе
Мен қалайша сүйе аламын басқаны.
Туған жерім - ой-санамның тірегі,
Өлмейді ол мәңгі-бақи жүреді.
Атамекен деп соғады білемін,
Бар әлемде барша қазақ жүрегі.
Ауылымның мәңгі өшпейді кескіні,
Сай-саласы, тас бұлағы, хош гүлі.
Туған жерді жырламаған ақынның
Ақын емес, ақын емес ешбірі.
Мен туған жер Алатаудың етегі,
Қанат керген қырандардың мекені.
Гималайды менсінбеймін мен әсте
Алатаудың күнге қолы жетеді.
Туған жердің тарихымен бірігем,
Жанымды да бере аламын ел үшін.
«Өзге елдің жайнап тұрған гүлінен,
Өз елімнің тікені артық» мен үшін.
Ұзақ Шалқар
1
Маған ұнайды:
13.11.2013, 4:39
Предыдущие 6 комментариев