• 34 ұпай

ДОСТАРЫМ

2 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • Гулфариза Кеншиликова
      Аудандық 5шы Махамбет оқулары байқауында 1-шы орн алдым!
      Маған ұнайды:
      13.03.2014, 18:15
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулфариза Кеншиликова
      2013 жыл 1-желтоқсан Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев.Аудандық "Жас ұлан"ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Елі сүйген,Елін сүйген Елбасы"атты жас жазба ақындар мүшайрасында белсенділік танытып,ерекше көзге тускен КЕҢШІЛІКОВА ГҮЛФАРИЗАға ауд.оқуш.үйі АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ
      Маған ұнайды:
      13.01.2014, 18:59
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулфариза Кеншиликова
      2012жыл 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күні болып алғаш рет жариялануына байланысты "Елін сүйген,елі сүйген Елбасы"тақырыбында жас жазба ақындар мүшайрасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп,Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бай рухани адами қасиетін,ұлтжандылықпен,саяси көрегендігін,ұлтымызды сүттей ұйытып,халықтың тұтастығымен бірлігін сақтауда және еліміздің әлеуметтік экономикалық әлеуетін,қазақстандықтардың білімі мен мәдениетін көтеруде,еңбек қоғамын қалыптастыруда Ерен еңбегін паш ете жырлаған КЕШІЛІКОВА ГҮЛФАРИЗАға Аудандық ХДП-ның орынбасары Т.Раева алғыс білідіреді.
      Маған ұнайды:
      13.01.2014, 18:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулфариза Кеншиликова
      Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
      Балалық шағы.
      Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне,көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол станциясына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепте жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
      Жұмысшы Нұрсұлтан.
      Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
      Президенттің саяси өмір баянының бастауы.
      Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмір баяны басталды.
      «Жылдар сөйлейді»
      Жылға сәйкес Республика өміріне байланысты фактілер.
      1991жыл
      1991жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
      1991жылдың 16 желтоқсаны.
      1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет»деп жарияланды.
      1992жыл 4 маусым.
      1992жылы 4 маусымда жаңа мемелекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
      1993жылы 15қараша
      1993жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
      1995жылы 28қаңтар.
      1995жылы 28 қаңтарында тәуелсіз Қ.Р.-ның тұңғыш «Ата Заңы»қабылданды.
      1997жыл
      Астана-Қ.Р-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы.Елбасы – Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі,Қ.Р-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

      1998 жыл 10 маусым
      1998 жыл 10 маусымда Жаңа Астананың ресми түрде тұсау кесері болды.(Астана көріністері)
      2006жыл 7 қаңтар.
      2006жылы 7 қаңтарда Әнұран қабылданды.Егемен елім әнұраны жаңарды. «Менің Қазақстаным»жер жүзіне таралды.
      Сөзін жазған:Жұмекен Нәжмеденов,11956 жыл және Н.Назарбаев.12005жыл.
      Әні:Шәмші Қалдаяқовтікі, 11956.
      Ауыр күнді артымызға тастауы.
      Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.Тілім,дінім,ұлтым қайта көгергені,Елбасымыз Нұрағаның бастауы.Туды ұстап тура жолға түсіріп,Жас отанның өмірінде түсініп, «Елім жерім» деп ұрандап тайсалмай,Бір керемет жасады-ау кісілік!
      Н.Ә.Назарбаевтың Президент болып сайланған және -өкілеттігін ұзартқан мерзімі.
      1991жылы 1 желтоқсанда дауыспен (98,7%)жеңіске жетті.
      1995 жылы 29-да жалпыхалықтық референдум нәтиежесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілетті 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999жылы қаңтардың 10-да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтиежесінде Н.Назарбаев 78, 79%дауыс алып,Қ.Р.Президенті болып қайта сайланды.
      2005жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91, 5%дауысын алып,Қ.Р.сы Президенті болып қайта сайланды.
      Ғылым атақтары.
      Экономика ғылымдарының докторы,Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының,халықаралық инженерлік академияның,Ресей федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемелекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүсеші.М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемелекеттік университетінің құрметті профессоры.
      Басқа лауазымдары мен мансаптары.
      Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы.
      Қазақстанның Қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысы.
      Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
      Нұр Отан Халықтық демократиялық паритиясының төрағасы.
      ОБСЕ-нің бас төрағасы.
      Отбасылық жағдайы.
      Жұбайы -Сара Алпысқызы-халықаралық «Бөбек»балалар қайырымдылық қорын басқарады.
      Дариға -саясат ғылымдарының докторы, «хабар»Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің төрайымы.
      Динара - Н.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
      Әлия-бизнеспен айналысады, «.Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
      Санамызды,дүниетанымымызды,мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды.Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек.
      Біріншісі-1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2030»даму стратегиясы.
      Екіншісі-Елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі.
      Төле бидің сөзі.
      Уа.Халқым,сөз қадірін білесің,
      Жаңбыр жаумаса,жер жетім,
      Басшысы болмаса,ел жетім,
      Көсіле шабар жерім бар,
      Тау көтерген елім бар.
      Қол бастайтын ерім бар,
      Атадан қалған сара жолым бар,
      Қазақ елі желбіреп көк байрағың
      Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
      Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
      Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.
      Маған ұнайды:
      13.01.2014, 18:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулфариза Кеншиликова
      Өз шығармашылығымнан шығарған өлеңімнің мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігімді және қазіргі жастардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін ашу!Қазіргі қоғамда ана тілі емес орыс тілі дамып бара жаткан секілді! Қазіргі жастардың көбісі қазақ тілінде емес,орыс тілінде сөйлегенді мықты көреді!!!Ал ана тіліміз болса қайда калды?Осыны біз бір уақ ойлап,терең сезініп көрдік пе?
      Ана тілің арың- бұл,
      Ұятың боп тұр бетте.
      Өзге тілдің бәрін біл,
      Өз тіліңді құрметте... – деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтып кеткендей Қымбатты жас өрендер!Өскелең ұрпақтар! әсіресе,Өзім секілді жас патриотизмдер! өз туған тілімізге,өз туған жерімізге,туған халқымызға,көне күннен келе жатқан тарихымызға деген қызығушылығымыз-міне, осы «Ана тіліне» деген сүйіспеншіліктен бастау алады. «Тіл қай халықтың болсын басты белгісі»-деп Шоқан Уалиханов атамыз айтқандай: Ия,әрбір халықтың бақыт шекарасын айқындайтын өлшемдер бар десек,оның ең біріншісі-Тіл,екіншісі-асыл діні,үшіншісі- ғасырларға созылған тарихы...
      Ақша деп саудаға бас салып кеттің,
      Заманның көшіне еріп лағып кеттің.
      Арыңды басқа тілдер арбап алып
      Ана тілің,мына мен қалып кеттім.

      Қалып кеттім қара байыр тірлігінде,
      Абылайдың алты ауыз бірлігінде.
      Қалып кеттім Төле,Әйтеке,Қазыбектің
      Үш жүзге айтқан үш ауыз билігінде.

      Қалып кеттім Зере әже ырымында,
      Қыз жібектің жыр болған бұрымында.
      Сүйінбайды сүйсінтіп сайрап қалдым,
      Жамбылымның жүз жылдық ғұмырында.

      Аттан салған Алаштың ұраны едім,
      Абай,Мағжан,Ілияс,Тұрар едім.
      Даланды шексіз шырқап жырлап кеткен ,
      Ақан,Әсет,Біржанның бір әні едім.

      Ана тілі-сізге Алланың қатқан үні,
      Ойланшы-ау,қазақ осы айтқанымды.
      Тіліңді қанағат ет туған елім
      Танимын, десең көкте хақ Тәңірді.

      Қыламыз деп ұлт жастарын саналы,
      Суытып ап ана тілдің алауын.
      Әлсіз жанды қазақ тілдің сәулесі
      Қайран қазақ кайда кетіп барады!


      Алла бізге көрсін деді көз берді,
      Көзімізбен көріп жүрміз көп жерді.
      Алла бізге сөйлесін деп тіл берді
      Қадір тұтып жүрміз бе біз тілдерді.

      Орыс тілін мақтан еттік мақтадық,
      Орысша сөйлеп әдебиетін жаттадық.
      Қазақ тілін өгейсіттік өзіміз,
      «Шала» қазақ деген «ұлы» атта алдық.

      Қадір тұтпай туған ана тіліңді,
      Қайдан ғана болар едің білімді.
      Оян! Алаш!сен қазақтың баласы!
      Ең бірінші үйрен ана тіліңді...

      Тіл арқылы ұғынамын,түсінем,
      Сыйласамын үлкенменде кішімен.
      Тіпті жауға қарусызда шыға алам,
      Ана тілім құдіретті күшіңмен.

      №30мектебінің 8 «А» сынып окушысы
      Кеңшілікова Гүлфариза.

      Маған ұнайды:
      13.01.2014, 18:26
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулфариза Кеншиликова
      1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақмола облысы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Серікұлы Закиров қатысуымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 34 оқушы қабылданды.
      Мектеп директоры Ақылбай Дулат Бейсенбекұлы құттықтау сөзінде бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі, барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз. "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымына қабылданған оқушыларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болуға тілек білдірді.
      Маған ұнайды:
      13.01.2014, 18:11
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220