Жаңалықтар

«Не? Қайда? Қашан?» және «Брейн-ринг» интеллектуалды ойындарының жартылай финалы

12.06.2013, 12:51 | Пікір: 1

2013 жылдың 22 мамыр күні Көксу ауданы, Балпық би кенті, Қазақ орта мектеп гимназиясында «Не? Қайда? Қашан?» және «Брейн-ринг» атты интеллектуалды ойынындарының жартылай финалы өткізілді. Бұл шара жастардың ойлау қабілетін арттыру, олардың бос уақытын тиімді пайдаланып, патриоттық тәрбие беру, достық қарым қатынасты орната отырып, қоғамдық жұмыстарға араласуға белсенділіктерін арттыру мақсаттарында ұйымдастырылды. Ойынды тамашалауға жалпы орта білім беретін  оқу орындарының жоғарғы сынып оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері келді. Шараға  іріктеу кезеңінен өткен  Ескелді ауданының «Жалын» тобы, Кербұлақ ауданының «Жас қыран» тобы, Қаратал ауданының «Құлагер» тобы, Көксу ауданының «Көксу жастары» тобы, Талғар ауданының «Парасат» тобы, Талдықорған қаласының «Жетісу қырандары», Текелі қаласының «Жасұлан» тобы қатысты. Ойын қызықты, әрі тартысты өтті.


 

  Ойын қорытындысы бойынша ақтық мәреге Кербұлақ ауданының «Жас қыран» тобы, Талғар ауданының «Парасат» тобы, Талдықорған қаласының «Жетісу қырандары» тобы, Текелі қаласының «Жасұлан» тобының білімпаздары өтті.


Осы күні «Брейн-ринг» ойынының да жартылай финалы өткізілген болатын. Шара іріктеу кезеңінен өтіп, жартылай финалға жолдама алған Ақсу ауданының - «Ақсу қырандары», Текелі қаласы «Жас Star», Сарқан ауданының – «Сарқан жастары», Ескелді ауданының – «Үміт», Көксу ауданының – «Білгірлер», Талдықорған қаласының №4 мектебінің «Қыран», №25 мектебінің «Тапқырлар» командалары, ұстаз тәлімгерлері, оқушылардың ата-аналарының қатысуымен қызықты өткізілді. 


Ойын қорытындысы бойынша ақтық мәреге Талдықорған қаласының №4 мектебінің «Қыран», №25 мектебінің «Тапқырлар», Сарқан ауданының – «Сарқан жастары», Текелі қаласы «Жас Star» тобының білімпаздары жіберілді.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.