Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің ресми сайттарының мониторинг нәтижелері бойынша АҚПАРАТТЫҚ АШЫҚТЫҚТЫ ТАЛДАУ

20.10.2017, 19:16 | Пікір: 0

 Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің ресми сайттарының мониторинг нәтижелері бойынша

АҚПАРАТТЫҚ АШЫҚТЫҚТЫ ТАЛДАУ

Ақпараттандыру және компьютерлендірудің өсу заманында білім беру саласындағы ақпараттық ашықтық  және айқындылық уақыт талабы болып табылады. Бұл бағыттың аса өзектілігі "Цифрлық Қазақстан – 2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ұсынылады.

 2017 жылдың мамырынан қазан айына дейін «Білім беру ұйымдарының, соның ішінде қосымша білім беру ұйымдарының қызметін қорытындылау туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету» шеңберінде Қазақстан Республикасының орта білім беру мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің ресми сайттарының ақпараттық ашықтығы мониторингін жүргізді.

Ұлттық білім беру деректер базасынан және жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттар негізінде 200 сайттың тізімі жасалды, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің 180 (14 облыс үшін - 10, Астана және Алматы қалалары үшін – 20 сайт) және 20 сайт қосымша білім беру мекемелері. Аймақтық сипаттамамен, яғни қалалық, ауылдық мектептер сайттары кездейсоқ таңдап алынды.

Тиісті ұлттық заңнаманы, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде 28 критерийден тұратын мониторинг әдіснамасы әзірленді. Әдістеме мекеме туралы, білім беру, оқу үрдістері және мекемедегі оқу шарттары туралы ақпарат (қосымшада) жалпы ақпаратты қамтиды.

Қазақстандағы қосымша білім беру мекемелері мен мектептерінің веб-сайттарын осындай ауқымды  зерттеу жұмыстары алғаш рет жүргізілуде. Жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру мекемелерінің сайттарының ашықтығы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған Қазақстанның ақпараттандыруына үлкен қадам ретінде қарастырылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелеріне негізделген осы талдау және ұсынымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады.

Зерртеумен толығырақ танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз: АҚПАРАТТЫҚ АШЫҚТЫҚТЫ ТАЛДАУ

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.