Канагат Абдыкалыковна
«Жалғыз Отан – тәуелсіз Қазақстан»
Қайырлы күн, бүгінгі «Жалғыз Отан – тәуелсіз Қазақстан» атты аудандық жастар форумына қатысушылар!
Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз.
Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан.
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Қазақстанның әрбір азаматы өз Отанын мақтан етуі тиіс. Мен, жас ұлан, өз Отаныммен, көрікті де байтақ елім, жеріммен мақтанамын. Өйткені, «Жас ұлан» ұйымының әрбір мүшесі – ұлтжанды, отансүйгіш.
Біз, жас ұландар, білімге құштарлығымызбен, қайырымдылығымызбен, еңбек сүйгіштігімізбен Отанымыздың көркеюіне үлес қосамыз.
Біз, жас ұландар, әрқашан жақсы істердің бастаушысы боламыз.
Атап айтсақ: «Қаһарман ұрпаққа тағзым», «Мәртебесі асқақтаған Аралым», «Мың бала – ерлік ұраны!» «Жадымдасың, Желтоқсан!», «Жас ұлан – жарқын болашақ» атты патриоттық акциялар, «Қайырымдылықпен қадам басамыз», «Көктем шуағы», «Жаңа өмір», «Достарым – байлығым», «Кітапханаға қамқорлық» атты қайырымдылық акцияларын , «Ағаш ек, гүл ек, табиғатты түлет!», «Менің қалам –таза қала», «Өркен» атты экологиялық акциялар ұйымдастырдық.
Жақында өткен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өзіміз ерен ерліктерін мақтан ететінсоғыс ардагерлері Жансүгіров Жолсұлтан, Ибраев Бахрадин аталарымызбен кездесіп, олардың ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, гүл ектік.
Біз, жас ұландар, туған еліміздің көркеюі мен құндылықтарының сақталуы жолында пайдалы іс атқарып, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасаудамыз.
Біз, «Жас ұлан» ұйымының мүшелері, сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне, көркейіп гүлденуіне атсалысып, өз үлесімізді қосамыз деп уәде береміз!
Мен елімнің ертеңімін - Жас ұлан,
Жаралғанмын қазақ деген асылдан!
Елім үшін, жерім үшін аянбай, Тұрғызамын асыл күмбез ғасырдан!
Парызымыз – Ұлы Отанға адалдық
Айдынды Арал топырағынан жаралдық.
Бар балаға үлгі-өнеге боламыз
Біз жас ұлан, адалдықтан жаралдық!
Біз – батыр елдің ұрпағымыз
Біз - Тәуелсіз елдің ұланымыз
Біз - жақсылыққа жақынбыз.
Болашақ біздің қолымызда!
Тілесов Дінислам
№13 мектептің «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы
Предыдущие 6 комментариев
Динислам Тлесов
Сәлеметсіздерме. Сәлеметсізбе апай . "Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан" атты Арал аудандық жастар форумы жоғары дәрежеде өтті. Маған қатты ұнады.
01.09.2013, 13:33