• 159 баллов

ДРУЗЬЯ

17 друзей

    СООБЩЕСТВА

    состою в сообществах

    ИГРЫ

    нет игр

    Много интересных и разных игр
    ждут вас в каталоге.
    • 0
      Ernar_Ajdar_-_Solaj_2013_(get-tune.net)
    • 0
      Dias_Alpamys_-_Seni_izdeimin_(dance_remix)_[olender.kz]
    • 0
      Bahyt_Altai_-_Sensin_gashygym_[olender.kz]
    • 0
      Array+-+Ернар+Айдар+Аналарга+ак+тiлек++Новинка+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Ernar_Ajdar_-_Fanfar_(get-tune.net)
    • 0
      Asyl_toby_-_Jana_jyl_[olender.kz]
    • 0
      Alisher_Karimov_-_Taba_almajsyn_(get-tune.net)
    • 0
      Nurjan_Kermenbaev_-_Esindeme_me_[olender.kz]
    • 0
      MuzArt_toby_-_Jana_jyl_[olender.kz]
    • 0
      Melomen_toby_-_Nege_jylaidy_aru_[olender.kz]
    • 0
      Madina_Saduakasova_-_Aitatyn_sagan_syrym_bul_[olender.kz]
    • 0
      Jigitter_kvarteti_-_Kelsenshi_kunim_[olender.kz]
    • 0
      Jiger_Auypbaev_-_Unatamyn_men_seni_[olender.kz]
    • 0
      erkin_nurzhanov_amp_cyrym_isabaev_-_undemejsin_zagruzheno_alfaraby_begzhanov_133
    • 0
      Bahyt_Altai_-_Sensin_gashygym_[olender.kz]
    • 0
      Inju_-_Kel_bileiik_dostarym_[olender.kz]
    • 0
      Kaldybek_Talkanbaev_-_Sikyrly_tus_[olender.kz]
    • 0
      Rin'Go_-_Sagynysh_[olender.kz]
    • 0
      Dias_Alpamys_-_Seni_izdeimin_(dance_remix)_[olender.kz]
    • 0
      Aigerim_Kalaubaeva_-_Teniz-jastyk_[olender.kz]
    • Айя Нагашыбаева
      Бану
      + араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен
      + Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым
      + cұлу
      + қылықты
      + ерке
      + сәнге талғамы зор
      + мейірімді
      + ақ көңіл
      + жақындарын жақсы көреді
      + достары өте көп
      - ашықауыз
      - тым ерке
      Мне нравится:
      22.08.2014, 8:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулбану Абекенова
      Білектей арқасына өрген бұрым...

      Білектей арқасында өрген бұрым,
      Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
      Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
      Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
      Аласы аз қара көзі айнадайын,
      Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
      Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
      Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
      Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
      Болады осындай қыз некен-саяқ.
      Піскен алма секілді тәтті қызды
      Боламын да тұрамын көргендей-ақ.
      Егерде қолың тисе білегіне,
      Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
      Бетіңді таяп барсаң тамағына,
      Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
      Абай
      Мне нравится:
      09.11.2013, 10:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулбану Абекенова
      Іске сәт, жас түлек!

      Кеше ғана қолымызға бір құшақ гүлді алып, 1-сыныптың табалдырығын аттап едік. Алғаш «Әліппе» атты кітапты ұсынған мейірімді ұзтазды көргенде мәз болған шақтарымызды қалай ұмытамыз?! «Мектеп» атты алтын ұяда 11 жыл бойы біліммен бірге қанат қағып келдік. Бұл жылдар да «көзді ашып жұмғанша» тез өте шықты.
      Мектеп-екінші үйіміз, ал, ұстаз-екінші анамыз. Осы екі шың бізді «өмір» атты теңізді кешіп өтуімізге ықпал жасады. Шәкірт жетістігі-ұстаз мерейі емес пе? Өз шәкіртінің биік деңгейден көрінгенін қалайтын шыбын жанды, біз үшін шыр-пыр болып жүретін ұстаздарымыздың еңбектерін еш уақытта ұмыт қалдырмаймыз.
      Біздің жетістігіміз-мектеп қуанышы. Қазіргі, мына біздер, жас талапкердің көкейінде үлкен бір сан ғасырлық арман секілді, мақсат жүр. Сол мақсатқа жету үшін әр талапкер еңбектенуде. Біз, бәріміз «білім» атты шыңды бағындырмақшымыз. Алда бізді Ұлттық бірыңғай тестілеу күтіп тұр. Әр талапкер өзінің қалаған мамандығының иесі болсам деп армандап жүр.
      Алдағы үлкен сынақ-ҰБТ. Біз осы сыннан өту үшін күш-жігерді жиып алып, сонау шыңға биік самғаймыз, өз болашағымыз үшін қанатымыз талмайды.
      Құрметті, жас талапкер! Алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, қалаған мамандығыңызға оқуға түсіп, арманыңызға жетуіңізге тілектеспін! Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған әрбір қадамыңыз сәтті болсын!
      Іске сәт, жас түлек!

      Мне нравится:
      09.11.2013, 10:23
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулбану Абекенова
      Тіл мен біз

      Қасиетті тілімізді сақтайтын,
      Қазағымның биіктесін өз тілі.
      Жүреміз біз мақтан етіп әрқашан,
      Ана тілім-жүрегімнің өз нұры.

      Қазақ тілім,ана тілім – айбыным,
      Тұнып тұрған қазына мен байлығым.
      Болашағың тұрар өшпей мәңгілік,
      Замананың талабына сай бүгін.

      Туған тілді құрметтейік бәріміз,
      Шыркалсын тек жүрекжарды әніміз.
      Ана тілім асқақта сен әрдайым,
      Өзіңменен қуанышты таңымыз.

      Шақырамын туған тілді сыйлауға,
      Жас ұрпақты достарымды жалынды.
      Қазақ тілі –ана тілің ардақты,
      Сол тулатар бойыңдағы қаныңды.
      Мне нравится:
      08.11.2013, 12:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулбану Абекенова
      Мейірбан ұстаз,асыл жан!
      (Әбжәлиев Алданыш ағайға арнау)

      Аямастан ақ пейілін,уақытын,
      Аялайтын шәкірттердің бақытын.
      Ұстаз деген- ұлы тұлға,аяулы,
      Шашатұғын ақыл,білім жақұтын.


      Асыл ұстаз арнау,өлең,жырым бар,
      Шын пейілмен сізге арнап шығарған.
      Мерекеңіз құтты болсын қашанда,
      Шәкірттерің ақ көңілмен шақырған.

      Айтпайтұғын үлкендігін жасының,
      Жасырмайтын ағарғанын шышының.
      Ұстаз ағай – мейірімді, асыл жан,
      Үйрететін есептердің асылын.

      Барша жұртқа жүрген әркез көрініп,
      Ұстаз ағай ұлағатын ұғыңдар.
      Еңбегіңіз ел алдына еленіп,
      Шәкірттері биік шыңға шығыңдар.
      Мне нравится:
      08.11.2013, 12:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гулбану Абекенова
      Тәуелсіздікке 20 жыл!

      Тәуелсіздік - тұғырымсың айбарлы,
      Тәуелсіздік – бұлағымсың қайнарлы.
      Тәуелсіздік – тірлігімнің байрағы,
      Тәуелсіздік – теңдігімнің айғағы.

      Қыранымсың көкте қанат қағатын,
      Сыңарымсың жұлдыз болып ағатын.
      Аққуымсың көлде бірге жүзетін,
      Аппақ нұрсың таң шапағын себетін.

      Келесің қанаттарың әркез талмай,
      Жетесің биік шыңға асқар таудай.
      Жанасың Азиада алауы боп,
      Желбіреп көк аспанның байрағындай.

      Таныттың есіміңді әлемге сен,
      Бірлікті, татулықты қошташы сен.
      Қосылып қатарына 50 елдің,
      Жасай бер, Тәуелсіздік мәңгілік сен!

      Туған күнің міне сенің, 20 жыл!
      Өркендедің, тамаша жетістік бұл!
      Тарихы бар, мұрағатты қазына,
      Қарай берер әрбір перзент қызыға.

      Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
      Сені қалай басқаға басындырам?
      «Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
      Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.

      Бейбіт өмір алып келдің сен бізге,
      Татулықта өмір сүрдік көп жерде.
      Тәуелсіздік жеткен жолдар айбынды,
      Тұмар болдың әрқашан да байырғы!

      «Тәуелсіздік» қазағымның ұраны,
      Биік болып көкте әркез тұрады.
      Тәуелсіздік-пейіл сыйы қазақтың,
      Тәуелсіздік-сен мәңгіге азатсың!
      Мне нравится:
      08.11.2013, 12:42
      Предыдущие 6 комментариев
      Сәуле Оралбаева
      куштиии
      09.11.2013, 16:35
      Гулбану Абекенова
      рахмееееет)))
      11.11.2013, 6:29
      Айя Нагашыбаева
      Сәтті шыққан!
      22.12.2013, 16:55
      Гулбану Абекенова
      коп рахмеет)
      12.01.2014, 18:23
    • Гулбану Абекенова
      Жеңіс күні!!

      Жеңіс күні келген сайын қуанам.
      Бейбіт өмір тілеп әркез,
      Тәңіріме жалынам.
      Жеңіс күні келген кезде шаттанып,
      Жүрегімнен әсем жырды ақтарам.

      Жеңіс күні келген кезде әрбір жан,
      Еске алып қиын күнді
      Жүрегінде сақтаған.
      Жеңіс туы көтерілсе көгімде,
      Еске аламын майдангерді
      Ел үмітін ақтаған.

      Сол күндері сұрапыл соғыс кезі еді.
      Көк аспаннан қара бұлттар төнеді.
      Ару күннің, әсем жүзін жасырып,
      Қара түнек өз өрімін өреді.

      Иә,иә
      Біздер үшін соғыс болды қара тас.
      Бірақ оған аттанды,
      Кәрі демей, бала – жас
      Елі үшін,жері үшін намыс бермей...
      Ақты күнде қара көзден ыстық жас.

      Намысты ерді жетелейді алып күш.
      Естимісің сұлу жел
      Оны ертіп, алыс ұш.
      Желбіретер ол, көгімде
      Жеңіс туын көтеріп
      Жайраңдаған адамзат,
      Шаттанады гүл теріп.

      О, Ұлы Жеңіс айбынды
      Алып келдің сен бізге.
      Тату елді, ай-күнді.
      Жеңіс! Жеңіс! Болармысың айбарлы
      Ұрпақтарың сені жырлар
      Намысы бар қайсарлы!
      Әбекенова Гүлбану
      Мне нравится:
      08.11.2013, 12:41
      Предыдущие 6 комментариев
      Айя Нагашыбаева
      Өте керемет!Жеңіс күніне арналып жүректен толғанып шыққын керемет өлең ғой бұл)))))))
      08.07.2014, 11:20
      Гулбану Абекенова
      Рахмет коп коп)))))
      20.07.2014, 15:20
    • Гулбану Абекенова
      Мне нравится:
      16.10.2013, 18:43
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220