"Жас ақындар"

Жас ақындар жырлайды

ҚАТЫСУШЫЛАР

4 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    1 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • ТОПТЫҢ ҚАБЫРҒАСЫ

    • 40 жазба
    • Гүлжанат Нағыметова
      Агент ауруы

      Кітапты оқитын адамдар аз,
      Агентке кіруден олар жалықпас,
      Сол себептен оқырмандар азайды,
      Бұл іс жалқаулықты бастайды.

      Кезінде кітапты тез оқудан жарысатын,
      Ал қазір блогпенен атысатын.
      Бұл заман жалқаулықты көрсеткендей,
      Агенттің жарысына қатысатын.

      Бұл агент жастардың ауруы,
      Қиын болар бұл дерттен арылуы.
      Індет жаймен таралып келе жатыр,
      Мүмкін бұл заманның тарылуы.

      Тіліміздің мәдениетін жоғалтады,
      Кітаптарды оқуды доғартады.
      Агент құмар адамдардың сөздері,
      "Тасташ сабақ басымды ауыртады"

      Тіліміздің мәдениетін сақтайық,
      Агент деген бәлені де тастайық.
      Барлық,барлық жамандықтан арылып,
      Білім менен әділдікті жақтайық.
      Маған ұнайды:
      28.11.2013, 23:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айғаным Отарбай
      Анама!
      Түн ұйықтамай баяу ғана әндеттің ,
      Қолын талмай бесігімді тербеттің .
      Аман - есен ер жетсін деп алаңдап ,
      Сәбиіне тыныштықты тіледің .

      Ана деген көк аспандағы шуақ күн ,
      Мен бекерге еркеліктен тулаппын .
      Ана болмай сәби жүрсе шырылдап ,
      Жердің беті жамылғандай қара түн .

      Жан анашым ақ кіргенде шашына ,
      Мен байқатпай қарай берем ұрлана .
      Қолғанат боп , ержетті міне сәбиін
      Сен Анашым қартаймашы , жасыма.
      Автор: Отарбай Айғаным
      Маған ұнайды:
      03.11.2013, 16:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Алмас Сайлаубеков
      Еркелейсин сен маган, жайгасып менин алдыма,
      кормесем бир кун сагынам, баргым келед касына.
      Сенен артык бакыт жок, уайымдап арбир тамшы жасына,
      балам менин балапан, дуние салдым алдына!
      Маған ұнайды:
      23.10.2013, 22:42
      Предыдущие 6 комментариев
    • Алмас Сайлаубеков
      Жиберип мени алыска, отырсын енди аландап.
      Ойлар келип ойына, шыкпайды, сени мазалап.
      Сеним артып жибердин, суйгенинди табыска.
      Шыда енди жубайым, жаман оймен шатыспа.
      Кайтып келем сендерге, тек менен сен калыспа.
      Жетемиз арман кундерге, бакытты кездер алыс па.
      Маған ұнайды:
      23.10.2013, 22:41
      Предыдущие 6 комментариев
    • Алмас Сайлаубеков
      Еркелейсин сен маган, жайгасып менин алдыма, кормесем бир кун сагынам, баргым келед касына. Сенен артык бакыт жок, уайымдап арбир тамшы жасына, балам менин балапан, дуние салдым алдына!
      Маған ұнайды:
      23.10.2013, 22:40
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақнұр Жолдасбаева
      ЕЙ АДАМЗАТ ҚАРАШЫ БІР СӘТ АЙНАЛАҢА
      МЫНА ӨМІР ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ ЕШ СОҒЫСТАР БОЛМАҒАН
      БҰРЫН ҚАНДАЙ ЖАМАН ЕДІ
      ӘРБІР КҮНІҢ ҚАРҢҒЫЛЫҚ БОЛАДЫ.
      ҚАЗІР ӨТЕ ТАМАША
      АСТЫҢДА БІР ҮЙ МЕН КӨЛІГІҢ СОНДЫҚТАНДА ҚҰДАЙҒА
      АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМ
      Маған ұнайды:
      03.05.2013, 22:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақнұр Жолдасбаева
      МЕН АҚЫН ЕМЕСПІН!

      МЕН АҚЫН БОЛМАСАМДА
      ӘРҚАШАН ӨЛЕҢ ШЫҒАРАМ
      НЕГЕ ЕКЕНІН БІЛМЕЙМІН
      ӨЗІМ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН
      СОНДЫҚТАН БОЛАР БӘРІДЕ
      ЖҰРТТАН ҚАЛМАЙ САМҒАЙМЫН
      АРМАНДАРҒА ЖЕТЕМІН
      ХАЛҚЫМА БӘРІН БЕРЕМІН!
      Маған ұнайды:
      03.05.2013, 21:41
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақнұр Жолдасбаева
      ЖАС ҚЫРАН АЛҒА!

      ЖАС ҚЫРАН ӘРҚАШАН АЛҒА
      БИІКТЕН ТАЛМА
      БИІККЕ САМҒА
      ЖЕРШАРЫНЫ АРАЛА
      ЖАС ҰЛАННАН ҮЛГІ АЛ
      ЖАС ҰЛАНДАЙ МЫҚТЫ БОЛ
      СОНДА ҒАНА ЖАС ҰЛАНҒА ЖЕТЕРСІҢ
      ДЕГЕН СӨЗДІ ҰҒЫП АЛ!
      Маған ұнайды:
      03.05.2013, 21:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ақнұр Жолдасбаева
      aqua-barbie_girl
      Маған ұнайды:
      03.05.2013, 21:27
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айсулу Жеткерген
      Достық
      Доссыз өмір бос емеспе,халайық.
      Жаныңа жақын бір дос тауып алайық,
      Досың сенің адал болса маңгілік,
      Өмір бойы жанында оның болайық!

      "Ғазиза"сынды досым бар осы жалғанда,
      Доссыз өмір жалғызсырап қалғанда,
      Өмірімді арнар ем мәңгі досыма,
      "Ғазиза" сынды тағыда досым болғанда!
      Маған ұнайды:
      30.03.2013, 16:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      Жас Ұланға – жылулық.



      Мейірім көзің шуақ шашар алыстан,
      Қол алысып , жөн сұрасқан қарыстан.
      Бақытты бол Жас Ұланым әрдайым,
      Жақсы оқып, қатарыңнан қалыспа.



      Ініге қамқор, үлкенге ізет көрсеткен,
      Жас Ұлан жоқ қария жолын кесіп өткен.
      Мінезі тұнық, көңілі нәзік жан-жақты,
      Таразыда өз ойын мықты өлшеткен.



      Сабағы бес, іс-шарадан қалғанба,
      Көңілі тоқ үлкеннен бата алғанға.
      Бес күндік өмір өтеді зулап ертең –ақ,
      Сыйластыққа не жетсін мына жалғанда.
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:32
      Предыдущие 6 комментариев
      Аяжан Джубанышева
      Айнур өте тамаша
      21.04.2013, 21:04
      Аяжан Джубанышева
      Айнур өте тамаша
      21.04.2013, 21:04
      Маржангүл Жақсылықова
      ote keremet
      15.10.2013, 23:03
      Aitgul aitgul
      шығармашылық табыс тілеймін
      19.10.2013, 11:16
    • Ainur Akimzhan
      Жас қыранға- Жас ұланнан



      Жас қыран! – талапты бол,
      Жас қыран!- талантты бол.
      Жас қыран! – елің сенер,
      Бар іске, жауапты бол!


      Жас қыран!- ұмтыл алға,
      Жас қыран!- антты ұмытып қалма.
      Жас қыран!- біз сенеміз,
      Барлығымыз қиындықты жеңеміз!


      Жас қыран!- үлкенді сыйла,
      Жас қыран!- игі істер жина.
      Жас қыран!- жан-жақты бол,
      Жас қыран!- бақытты бол!
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:32
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      Тәлімгерлер әні


      Білім құмар өренсіңдер Жас Ұлан,
      Күн шуағы сізге шашылған.
      Табылады көмек қолын созуға,
      Тәлімгерлер ылғи қасыңнан.

      Қайырмасы:

      Сізерге арналсын,
      Тәлімгер жыр –әні.
      Самғай бер биікке Сырдың ұланы. 2 рет



      Достық әнін кәне бірге шырқайық,
      Шарықтасын асқақ әніміз,
      Туған жердің мәртебесін биікке,
      Көтерейік достар бәріміз.

      Қайырмасы:

      Сізерге арналсын,
      Тәлімгер жыр –әні.
      Самғай бер биікке Сырдың ұланы. 2 рет
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:31
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      Жас Ұландар әні


      Қырандаймыз қалықтаған көктегі,
      Жүректерде алаулаған көктемі.
      Жас Ұландар біздерміз,
      Білім кілтін іздерміз,
      Білім атты теңізде. 2рет



      Қуанамыз жетсек шыңға, жеңіске,
      Жат қылыққа шақырса сен келіспе.
      Жас Ұландар біздерміз,
      Білім кілтін іздерміз,
      Білім атты теңізде . 2 рет



      Бабалардан қалған асыл мұрамыз,
      Жас ұландар бейбіт өмір құрамыз.
      Жас Ұландар біздерміз,
      Білім кілтін іздерміз,
      Білім атты теңізде . 2 рет

      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:31
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      Жас Ұлан болуыңмен



      Бала едің ойламаған ертеңін,
      Кіші едің шамдай жанған келтенің.
      Бүгін міне Жас Ұлансың айбынды,
      Сен туралы сыр толқып мен шертемін.


      Мойынтағың көк аспанның түсіндей,
      Берген антың орындалар ісіңдей.
      Жауапты бол әбрір айтқан сөзіңе,
      Қалып жүрме антқы айтқан түсінбей.



      Құтты болсын кеудеңдегі төсбелгің,
      Сенімен бірге қатар жүріп өсті елің.
      Тек антыңа берік болып жүргейсің,
      Намысына тиме ешқашан өзгенің
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:31
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan

      Жорық сөздер

      І-топ:

      Жас ұлан!- қашанда алда,
      Жас Ұлан!- Қарышта , самға,
      Жас Ұлан!- достықты жалға,
      Жас Ұлан !- Тек қана алға!

      ІІ-топ:

      Әр Жас Ұлан жанған жұлдыз көктегі,
      Жүрегінде жарқыраған көктем.,
      Өнерлі де, қайсарлы да қашанда,
      Әрқашанда тек жылулық төккені.


      ІІІ-топ:

      Жас Ұланбыз тура жолға бастаған,
      Түзу жүріп, бұрыс жолды баспаған,
      Біз Ұланбыз тәрбие мен намысты ,
      Қатар алып ізгілікке қоштаған.
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ainur Akimzhan
      «Жас Ұланым – айбыным»


      Жас Ұланым- айбыным, қырандайын,
      Көмекке күтсең асығар ылғи дәйім.
      Көқ галстугі Тәуелсіздік айнасындай,
      Ел ертеңін нық ұстар Ұлан дайын.


      Жас Ұланым –айбыным, алашымдай,
      Көкірегі дархан қазақ даласындай.
      Ұлтқа, дінге бөлінбес бірлікті таңдар,
      Әкесі емес , елдің ортақ баласындай.



      Жас Ұланым –айбыным, алтын кенім,
      Елбасының қолдауы, артқан сенім,
      Мәртебесін асқақтатып әрдайымда,
      Жасай берсін Жас Ұлан мен айбынды елім.



      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 19:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Дина Бекетова
      Жаз
      Жаз қандай керемет,сұлү келбетті,
      Жап-жасыл боп жайнап жатыр жер беті,
      Сылдырап аққан тау суының жанында
      Бұлбұл құстар,толып жүріп әндетті.

      Табиғат та гүлге толып жайнаған
      Әдемі боп сәнделіп тұр айналам
      Төрт мезгілдің ішіндегі тамаша
      Кезең ғой бұл тіршілігі қайнаған.



      Анама
      Анашым аялаған панамсың ғой
      Әрқашан жүрегімде тұрасың ғой
      Шыр етіп,дүниеге келгенімде
      Білемін мені көріп қуандың ғой

      Өзіңмен қашан да мен мақтанамын
      Анама арнап жалықпай жыр жазамын
      Аман болып,күлімдеп жүре берші
      Болармын әрқашан да қолғанатың

      Бағып-қағып сен бізді өсірерсің
      Ешқашан қартаймашы өтінемін
      Біз сені сыйлап,сүйіп құрметтейміз
      Күмәнданба! Мен осыған сөз беремін.

      Абай атама
      Қазақ деген өр-рухты менің халқым,
      Бар әлемге танылған атақ даңқың
      Сол ұлтымның кемеңгер бір-ойшылы
      Ұлы тұлға аталған Абай ақын

      Жыр жазамын,осындай ақыныма
      Сөз жетпестей ерекше,туған дара
      Артына өшпестей ғып із салдырып.
      Қазағыма қалдырған үлкен мұра

      Абайдың қара өлеңі,қара сөзі
      Ұрпағына арнаған шебер үлгі
      Абайдай адам әлі туылмады
      Сеземін,ондай адам туылмайды.

      Лермонтов,Пушкиндердің шығармасын
      Қазақша сөйлеткен де сол Абайым
      Жан-жақты бола білген ақыныма
      Басымды иіп бүгін де тамсанамын

      Біз жастар Абайды ұлықтаймыз
      Берген нәрін ешқашан ұмытпаймыз
      Қазақтың жоғын жоқтап осы ақындай
      Халқымызды әрқашан қуантамыз.
      Қазақтың мінезі
      Қазақ деген кең пейілді халыққа
      Алғысыңды айтудан сен жалықпа
      Себебі ол көңіңіліңді қалдырмай
      Дастарханын жайып қояр алдыңа

      Қыздары бар инабатты ибалы
      Ұлдары бар ер мінезді саналы
      Ақ сақалды аталары кемеңгер
      Ақ жаулықты аналары жайдары

      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 10:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Дина Бекетова
      Иман деген…
      Иман деген-ниетіңнің ақтығы
      Иман деген-жүрегіңнің пәктігі,
      Иман деген пиғылыңның айнасы
      Иман деген-Аллахымның ақ нұры.

      Әр адамға бұйырмайды бұл иман,
      Ол бар болса жүрегіңде сен қуан
      Иманды жан арсыздыққа бармайды
      Ары барды барлығы да сыйлайды.

      Ей пенделер!Иманды адам болыңдар
      Қазағымның қанында осы иман бар ,
      Жүректерің әр қашан да ақ болса,
      Барлығыңды бір Аллам өзі қолдар.
      Маған ұнайды:
      19.03.2013, 10:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Мен үшін бақыт
      1.Бақыттымын, сірә,мендей жан бар ма?
      Күліп-ойнап,көңілді жүрген жалғанда.
      Мақсаты бар,талпынысы жетерлік
      Құлаш ұрып,қанат қаққан арманға.
      2.Мен үшін бақыт-тыныштығы заманның
      Мен үшін бақыт-қырғыспауы адам менен адамның.
      Бала кезден бастау алған,қуантқан,
      Мен үшін бақыт-орындалғаны арманның
      3.Ата-анамның амандығы маған бақыт,
      Заманыма карап турып,таптым жақұт.
      Жүректегі жалғыз отан,елімнің
      Азаматшасы болу да маған бақыт.
      4.Дамыған елде,қайғысыз,тек қуанып,
      Көргеніме бақыттымын әр таңды,
      Бойымдағы өнерімді қолға алып,
      Салғаныма бақыттымын шатты әнді
      5.Әр таң сайын бақытты өмір сыйлаған,
      Шүкіршілік, деймін, тәубе Аллаға
      Өзіңе,Алла,анасындай табынған,
      Перзентінді бақытты куйден айырма!!!
      Маған ұнайды:
      15.03.2013, 17:10
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи