Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған
«БІРГЕ БОЛАЙЫҚ!» облыстық акциясының
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар: Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы Облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі
Облыстық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Атқарылу мерзімі: 1.02.2013- 10.12.2013жж
Акцияға қатысушылар: аудандық (қалалық) балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері, "Жас Ұлан" балалар ұйымы
Акцияның маңыздылығы: Егемендік пен тәуелсіздік еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаған арманы. Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіп, етек – жеңі жиылған, әлемнің түкпір – түкпіріндегі елдерге танылған, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаған жас мемлекеттердің қатарына кірді.
Осы орайда, Тәуелсіз еліміздің дәл осы деңгейге жетуінде "Ел болашағы" деп танылған жастардың, балалардың атқаратын рөлі бір бөлек. Жас жеткіншектеріміздің патриоттық сезім оятып, тәуелсіздігіміздің қадірін түсіне білуі үшін мектептердегі балалар қоғамдық ұйымдарының маңызы өте зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 13-ші съезінде Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы мен «Жас қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құруды тапсырған болатын. 2011 жылы 6 шілдеде Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы бойынша "Жас Ұландықтардың" саны 25 000 жас жеткіншектен асып отыр. Ұйымды насихаттауда, балалар қозғалысын дамытуда жасөспірімдердің осы кезге дейін атқарған істері аз емес. Дегенмен, елімізге деген құрмет, үлкенге деген ілтипат, мүмкіндіктері шектеулі достарымызға арналған ыстық көңіл, табиғат үшін қамқорлық қайырымды іспен шектелмейтіні белгілі. «БІРГЕ БОЛАЙЫҚ» облыстық акциясы барлық "Жас Ұлан" ұйымдарының бір мезгілде жұмыла іске кірісіп, жүйелі жұмыстануына бағытталған.
Акцияның мақсаты мен міндеті: Отанға деген балалардың патриоттық cезімдерін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, қайырымды болуға, қамқорлық жасауға, Отансүйгіштікке баулу. "Жас Ұлан" ұйымдарындағы жас көшбасшылардың белсенділігін арттыру. "Жас Ұлан" ұйымдарының жұмысын жандандыру
Акцияның ұйымдастырылуы: Әрбір балалар ұйымының тәлімгері осы ережемен ұйым мүшелерін таныстыруы керек. Төменде көрсетілген акциялар мен топтық жедел істердің (операциялардың) өтілетін күндерін белгілеп, әр акцияға жауапты оқушыларды белгілейді. Акцияларға барлық мектеп оқушыларының қамтылуына жағдай туғызу қажет. Шараны қызықты, әсерлі өткізу мектеп әкімшілігі мен тәлімгер қиялы мен шеберлігіне байланысты. Аталған акциялардың кейбірі орналасқан аймаққа сәйкес келмесе (мыс: бала бақша, ескерткіштер болмауы) акция атауын қалдырып, өзге қайырымдылық шара ұйымдастыруға болады. Өтілген шара міндетті түрде фотосуретке түсірілуі қажет.
Қорытынды: Ай сайын өткізілген акция туралы қысқаша мәлімет пен 2-3 фотосуретті
[email protected] электронды поштасына жіберіп отыру қажет. Өйткені әрбір акция туралы мәліметтер облыстық «Жайық ұландары» газетінде және www.cdoorken.kz сайтына жыл бойы жарияланып отырады. Кейін барлық өткізілген акцияларды қорытындылап, әр аудандағы "Жас Ұлан" ұйымының жұмысы теңестіріліп, белсенді қатысқан балалар марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарлама соңы «Жас Ұлан» премиясын табыстаумен аяқталады. Қорытынды шара мәліметтері 2013 жылдың 14-15 желтоқсанына дейін қабылданады.
Жыл бойы акцияға белсенді қатысқан балалар ұйымдары және мектеп тәлімгерлері облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталады.
«БІРГЕ БОЛАЙЫҚ» акциясының жалпы қорытындысы облыстық облыстық «Жайық ұландары» газетінде және www.cdoorken.kz сайтына жарияланады.
Іс-шара атауы, акциялар Атқарылуы Ұйымдастыру-
шылар уақыты
«Ақ қала» Бала-бақша аулаларына немесе балалар көп ойнайтын алаңқайларға қардан ойын қалашығын жасау (шағын зырғанақтар т.б)
"Жас Ұлан" ұйымдары, мектеп тәлімгері, технология пәнінің мұғалімдері
Ақпан
«Таза аула» ҰОС, Еңбек ардагерлерінің,жалғыз басты қарт адамдардың ауласын қардан тазалауға көмек көрсету «Жедел көмек» тобы
«Қысқы сыйлық» операциясы Ағаштарға құстарға арнап астаулар жасау
«Наурыз поштасы» Әжелерге, зейнеткер ұстаз аналарға арнап құттықтау мерекелік пошта ұйымдастырып үйлеріне жеткізу "Жас Ұлан" ұйымдары,мектеп тәлімгері, мектеп психологы,әлеуметтік педагог
Наурыз
«Балалар – ойнайды,
Біз – ойнаймыз!» Көктемгі демалыс кезінде мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған оқушылармен кездесіп, қайырымдылық бағытында ойын ойнатып, тренингтер өткізу
«Біз жанбасақ лапылдап!» Тұрғындарға,балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында қайырымдылыққа, сыйластыққа,бірлікке шақыру акциясы Балалар ұйымдары,мектеп тәлімгері,технология пәні мұғалімдері
Сәуір
«Жас Ұлан» тазалық үшін! Мектеп ауласына тазалық жүргізу
«Ескі ағашқа – жаңа өмір» Ағаштарға құстарға арналған ұя орнату, ағаштарға күтім жасау
«Жеңіс туы астында..» Ардагерлер,ұстаз ардагерлер тұратын үйлерге естелік тақтасы немесе арнайы белгі ілу, Естелік тақтасын балалар ұйымы дайындағаны жазылу керек
Балалар ұйымдары,технология пәні мұғалімдері
Мамыр
«Жас Ұландар» аллеясы Жас теректер отырғызу
«Ескерткіш» операциясы Ескерткіштерді тазалау, айналасын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу
«Біз біргеміз» акциясы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік бағдарлама, ойындар өткізу Балалар ұйымдары,мектеп тәлімгері,мектеп психологы
Маусым
«Сен, мен және бәріміз» Жазғы демалыс лагерлеріне бір күндік балалар ұйымының атынан қызықты шара өткізу
«Таза жағажай» акциясы Өзен, көл жағасына тазалық жүргізу,қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет Балалар ұйымдары,дене тәбиесі пәні мұғалімдері,технология пәні мұғалімдері Шілде
«Алтын ұям - мектебім» акциясы Бірінші сыныпқа баратын аз қамтылған отбасы оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілер тарту Балалар ұйымдары,мектеп әкімшілігі Тамыз
«Біздің таза көше» операциясы Бір көшеде тұратын балаларды бірлікке жұмылдыру арқылы тазалыққа шақыру. Үздік таза көшелерді анықтау Балалар ұйымдары, технология пәні мұғалімдері
Қыркүйек
Сайлау науқаны Мектептегі "Жас Ұлан" ұйымының "Ұланбасын" сайлау, бөлім басшыларын анықтау, аудандық, қалалық "Жас Ұлан" кеңестерін құру
«Мейірімді жүрек» акциясы Балалар үйіне, балалар бақшасына немесе кішкентай бөбектері бар отбасыларға мерекелік көңіл күймен ойыншықтар сыйлау Балалар ұйымдары,тәлімгер, әлеуметтік педагог,мектеп психологы
Қазан
«Ұстазға құрмет»
Ұстаздар күніне арналған шара ұйымдастыру
«Абайландар, Жас ұлан!» акциясы Құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында сурет, плакаттар көрмесі Балалар ұйымдары,бейнелеу пәнінің мұғалімдері
Қараша
«Жас Ұлан» акциясы Атқарылған іс-шараны қорытындылап, «Жас Ұлан» премиясымен үздіктерді марапаттау Аудандық, қалалық "Жас Ұлан" ұйымдары Желтоқсан