• 133 ұпай

ДОСТАРЫМ

51 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    2 сыйлық

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      04 OMIRINE NEMKURAILY KARAMA
    • 0
      -Детство-это-смех-и-радость(muzofon.com)
    • 0
      -Детство-это-смех-и-радость(muzofon.com)
    • Айболат Кожангалиев
      Бугінгі "Жайдарлы Жас Ұлан" жайдарман ойындары сәтті өтсін!
      Маған ұнайды:
      29.10.2013, 10:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      18.10.2013, 6:38
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      жас тілшілер форуымының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!
      Маған ұнайды:
      12.10.2013, 7:58
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      08.08.2013, 12:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      11.03.2013, 6:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      11.03.2013, 6:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      11.03.2013, 6:45
      Предыдущие 6 комментариев
      Мейрамбек Орынгалиев
      өзге қалалардан қатысуға болама
      01.04.2013, 16:36
    • Айболат Кожангалиев
      Облыстық «Абайла жолдан, жас ұлан» сырттай байқауының жеңімпаздары анықталды

      Ақпан айының 15-ші жұлдызында облыстық «Абайла жолдан, жас ұлан» сырттай жол жүру ережелерінен үздік, суреттер, плакаттар, тестілік тапсырмалар және техникалық құралдар байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жолдағы тәртіп жұмыстарын түсіндіру белсенділігін арттыру, балалар жол-жарақатының алдын-алу. Байқауды ұйымдастырушылар – Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Жол полиция басқармасы, «Өркен» қосымша білім беру орталығы.

      Байқауға Ақжайық, Бөкей орда, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласының мектеп, колледж, лицей оқушылары, мектептен тыс мекемелердің тәрбиеленушілері, мектеп мұғалімдері, қосымша білім мекемелерінің педагогтары, кәсіптік мектептері, колледждері, лицейлерінің өндірістік оқу шеберлері, оқытушылары қатысты. Бастауыш сынып оқушыларының суреттері, 5-9 сынып оқушыларының плакаттары, 10-11 сыныптар, кәсіптік мектептер, колледждер оқушыларының компьютер технологиясын пайдаланған түрлі-түсті безендірілген қолданбалы тапсырмалары бар тест тапсырмалары, әртүрлі техникалық құралғылар (оқу-бейне әдістемелік құралдар, сынақшылар, модельдер) байқауға жолданды.

      Байқау қорытындысында, «Ең үздік сурет» аталымы бойынша І орынға Бөрлі ауданы Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі – Рабаев Султан, ІІ орынға Қаратөбе ауданы Балалар шығармашылық үйі «Қыл қалам» үйірмесінің мүшесі Қабжанов Темірлан, ІІІ орынға Зеленов ауданы Белес ЖОББМ-тің 6 сынып оқушысы Чиркова Алина; «Ең үздік плакат» аталымы бойынша І орынға Ақжайық ауданы Краснояр ОМ-тің 5 сынып оқушысы Жексенғалев Рахат, ІІ орынға Теректі ауданы Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ-тің 7-сынып оқушысы Тарасюк И., ІІІ орынға Бөкейорда ауданы Мектептен тыс тәрбие орталығының тәрбиеленушісі Рахметуллин Исатай; «Ең үздік тестілік тапсырмасы» аталымы бойынша І орынға Жаңақала ауданы С. Меңдешев атындағы ОЖББМ-тің 11-сынып оқушысы Қаберов Сатыбалды, ІІ орынға Сырым ауданы жалпы білім беретін Абай орта мектеп-балабақшасының 7-сынып оқушысы Нығметжанов Бекболат, ІІІ орынға Теректі ауданы Магистралды ЖОББМ-тің 10-сынып оқушысы Соколицкая О; «Ең үздік техникалық құрал» аталымы бойынша І орынға Зеленов ауданы Володар ЖОББМ 8-сынып оқушысы Мурзагалиев Ельжан, ІІ орынға Бөрлі ауданы №3 ЖОББМ оқушылары «Бағдаршам» тобы, ІІІ орынға Шыңғырлау ауданы Л. Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ-тің 9-сынып оқушысы Ниязқұлов Тұрымжан; «Ең үздік тестілік жұмысы» аталымы бойынша мұғалімдер арасынд ІІ орынға Бөкейорда ауданының Жәңгір хан атындағы ЖОББМ тарих және география пәнінің мұғалімі Ражманова Гүлназ Мақсотқызы, ІІІ орынға Бөкейорда ауданының Т. Масин атындағы ЖОББМ экономика және география пәнінің мұғалімі Жармұхамбетова Арухан Зейінқызы иеленді.

      Жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Таңдаулы жұмыстардан әдістемелік құралдар жинағы шығару жоспарланып отыр, ал үздік жұмыстар облыстық «Жайық ұландары» газетіне жарияланатын болады.
      Жанна ГАБДУАЛИЕВА
      Облыстық «Өркен» ҚББО-ның тілшіс
      Маған ұнайды:
      05.03.2013, 17:47
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      "Ана қуанышы" фотоф конкурсы жалғасуда
      Маған ұнайды:
      05.03.2013, 17:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарына арналған
      «БІРГЕ БОЛАЙЫҚ!» облыстық акциясының
      ЕРЕЖЕСІ

      Ұйымдастырушылар: Облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы Облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі
      Облыстық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

      Атқарылу мерзімі: 1.02.2013- 10.12.2013жж

      Акцияға қатысушылар: аудандық (қалалық) балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері, "Жас Ұлан" балалар ұйымы
      Акцияның маңыздылығы: Егемендік пен тәуелсіздік еркіндік сүйген халқымыздың ежелден аңсаған арманы. Бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізген еліміз талай асудан өтіп, небір қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіп, етек – жеңі жиылған, әлемнің түкпір – түкпіріндегі елдерге танылған, өз мақсаты мен міндетін анық байыптаған жас мемлекеттердің қатарына кірді.
      Осы орайда, Тәуелсіз еліміздің дәл осы деңгейге жетуінде "Ел болашағы" деп танылған жастардың, балалардың атқаратын рөлі бір бөлек. Жас жеткіншектеріміздің патриоттық сезім оятып, тәуелсіздігіміздің қадірін түсіне білуі үшін мектептердегі балалар қоғамдық ұйымдарының маңызы өте зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 13-ші съезінде Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы мен «Жас қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құруды тапсырған болатын. 2011 жылы 6 шілдеде Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы бойынша "Жас Ұландықтардың" саны 25 000 жас жеткіншектен асып отыр. Ұйымды насихаттауда, балалар қозғалысын дамытуда жасөспірімдердің осы кезге дейін атқарған істері аз емес. Дегенмен, елімізге деген құрмет, үлкенге деген ілтипат, мүмкіндіктері шектеулі достарымызға арналған ыстық көңіл, табиғат үшін қамқорлық қайырымды іспен шектелмейтіні белгілі. «БІРГЕ БОЛАЙЫҚ» облыстық акциясы барлық "Жас Ұлан" ұйымдарының бір мезгілде жұмыла іске кірісіп, жүйелі жұмыстануына бағытталған.
      Акцияның мақсаты мен міндеті: Отанға деген балалардың патриоттық cезімдерін арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану, қайырымды болуға, қамқорлық жасауға, Отансүйгіштікке баулу. "Жас Ұлан" ұйымдарындағы жас көшбасшылардың белсенділігін арттыру. "Жас Ұлан" ұйымдарының жұмысын жандандыру
      Акцияның ұйымдастырылуы: Әрбір балалар ұйымының тәлімгері осы ережемен ұйым мүшелерін таныстыруы керек. Төменде көрсетілген акциялар мен топтық жедел істердің (операциялардың) өтілетін күндерін белгілеп, әр акцияға жауапты оқушыларды белгілейді. Акцияларға барлық мектеп оқушыларының қамтылуына жағдай туғызу қажет. Шараны қызықты, әсерлі өткізу мектеп әкімшілігі мен тәлімгер қиялы мен шеберлігіне байланысты. Аталған акциялардың кейбірі орналасқан аймаққа сәйкес келмесе (мыс: бала бақша, ескерткіштер болмауы) акция атауын қалдырып, өзге қайырымдылық шара ұйымдастыруға болады. Өтілген шара міндетті түрде фотосуретке түсірілуі қажет.
      Қорытынды: Ай сайын өткізілген акция туралы қысқаша мәлімет пен 2-3 фотосуретті [email protected] электронды поштасына жіберіп отыру қажет. Өйткені әрбір акция туралы мәліметтер облыстық «Жайық ұландары» газетінде және www.cdoorken.kz сайтына жыл бойы жарияланып отырады. Кейін барлық өткізілген акцияларды қорытындылап, әр аудандағы "Жас Ұлан" ұйымының жұмысы теңестіріліп, белсенді қатысқан балалар марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарлама соңы «Жас Ұлан» премиясын табыстаумен аяқталады. Қорытынды шара мәліметтері 2013 жылдың 14-15 желтоқсанына дейін қабылданады.
      Жыл бойы акцияға белсенді қатысқан балалар ұйымдары және мектеп тәлімгерлері облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталады.
      «БІРГЕ БОЛАЙЫҚ» акциясының жалпы қорытындысы облыстық облыстық «Жайық ұландары» газетінде және www.cdoorken.kz сайтына жарияланады.

      Іс-шара атауы, акциялар Атқарылуы Ұйымдастыру-
      шылар уақыты
      «Ақ қала» Бала-бақша аулаларына немесе балалар көп ойнайтын алаңқайларға қардан ойын қалашығын жасау (шағын зырғанақтар т.б)

      "Жас Ұлан" ұйымдары, мектеп тәлімгері, технология пәнінің мұғалімдері

      Ақпан
      «Таза аула» ҰОС, Еңбек ардагерлерінің,жалғыз басты қарт адамдардың ауласын қардан тазалауға көмек көрсету «Жедел көмек» тобы
      «Қысқы сыйлық» операциясы Ағаштарға құстарға арнап астаулар жасау
      «Наурыз поштасы» Әжелерге, зейнеткер ұстаз аналарға арнап құттықтау мерекелік пошта ұйымдастырып үйлеріне жеткізу "Жас Ұлан" ұйымдары,мектеп тәлімгері, мектеп психологы,әлеуметтік педагог

      Наурыз


      «Балалар – ойнайды,
      Біз – ойнаймыз!» Көктемгі демалыс кезінде мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған оқушылармен кездесіп, қайырымдылық бағытында ойын ойнатып, тренингтер өткізу
      «Біз жанбасақ лапылдап!» Тұрғындарға,балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында қайырымдылыққа, сыйластыққа,бірлікке шақыру акциясы Балалар ұйымдары,мектеп тәлімгері,технология пәні мұғалімдері


      Сәуір

      «Жас Ұлан» тазалық үшін! Мектеп ауласына тазалық жүргізу
      «Ескі ағашқа – жаңа өмір» Ағаштарға құстарға арналған ұя орнату, ағаштарға күтім жасау

      «Жеңіс туы астында..» Ардагерлер,ұстаз ардагерлер тұратын үйлерге естелік тақтасы немесе арнайы белгі ілу, Естелік тақтасын балалар ұйымы дайындағаны жазылу керек

      Балалар ұйымдары,технология пәні мұғалімдері

      Мамыр
      «Жас Ұландар» аллеясы Жас теректер отырғызу
      «Ескерткіш» операциясы Ескерткіштерді тазалау, айналасын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу
      «Біз біргеміз» акциясы Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік бағдарлама, ойындар өткізу Балалар ұйымдары,мектеп тәлімгері,мектеп психологы

      Маусым
      «Сен, мен және бәріміз» Жазғы демалыс лагерлеріне бір күндік балалар ұйымының атынан қызықты шара өткізу
      «Таза жағажай» акциясы Өзен, көл жағасына тазалық жүргізу,қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет Балалар ұйымдары,дене тәбиесі пәні мұғалімдері,технология пәні мұғалімдері Шілде
      «Алтын ұям - мектебім» акциясы Бірінші сыныпқа баратын аз қамтылған отбасы оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілер тарту Балалар ұйымдары,мектеп әкімшілігі Тамыз
      «Біздің таза көше» операциясы Бір көшеде тұратын балаларды бірлікке жұмылдыру арқылы тазалыққа шақыру. Үздік таза көшелерді анықтау Балалар ұйымдары, технология пәні мұғалімдері

      Қыркүйек



      Сайлау науқаны Мектептегі "Жас Ұлан" ұйымының "Ұланбасын" сайлау, бөлім басшыларын анықтау, аудандық, қалалық "Жас Ұлан" кеңестерін құру
      «Мейірімді жүрек» акциясы Балалар үйіне, балалар бақшасына немесе кішкентай бөбектері бар отбасыларға мерекелік көңіл күймен ойыншықтар сыйлау Балалар ұйымдары,тәлімгер, әлеуметтік педагог,мектеп психологы


      Қазан
      «Ұстазға құрмет»

      Ұстаздар күніне арналған шара ұйымдастыру
      «Абайландар, Жас ұлан!» акциясы Құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында сурет, плакаттар көрмесі Балалар ұйымдары,бейнелеу пәнінің мұғалімдері
      Қараша
      «Жас Ұлан» акциясы Атқарылған іс-шараны қорытындылап, «Жас Ұлан» премиясымен үздіктерді марапаттау Аудандық, қалалық "Жас Ұлан" ұйымдары Желтоқсан
      Маған ұнайды:
      23.02.2013, 13:46
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Барлык "Жас Уландыктарга" Оралдыктардын атынан жалынды салем жолдаймын!
      Маған ұнайды:
      06.02.2013, 10:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ильяс Жиенбаев
      Жас Улановцам ЗКО очень повезло что их руководитель ведет столь яркую кампанию! Удачи!
      Маған ұнайды:
      02.02.2013, 15:24
      Предыдущие 6 комментариев
      Айболат Кожангалиев
      Рахмет Мирас!
      05.02.2013, 13:24
    • Айболат Кожангалиев
      Қараша айының 28 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұланымыз ұлы елдің» атты «Жас Ұлан» балалар ұйымы жас көшбасшылары форумы ұйымдастырылды. Форумның мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікті қалыптастыру, «Жас Ұлан» ұйымын нығайту және жетілдіру, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымын кеңінен насихаттау. Форум Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы, облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы, облыстық «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымының одағы» ЖҚБ, облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қолдауымен жүзеге асырылды. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысының қала, аудандарының жас көшбасшылары қатысты.
      Форумның ашылу салтанатда облыстық Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияның үлкен залында «Жас Ұлан -2012» байқауының Гран-При жүлдесіне ие болған жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

      Орал қаласындағы №10 ЖОББМ базасында форум дөңгелек үстелдер мен секция жұмыстарымен жалғасын тапты.

      Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Іс-шара барысында облыстық «Жас Ұлан» көшбасшылары, «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскерлерінің жүргізуімен шеберлік сыныптары өткізілді.
      Маған ұнайды:
      02.12.2012, 0:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      01.12.2012, 23:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      01.12.2012, 22:37
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Маған ұнайды:
      01.12.2012, 22:29
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      "Жаңа ғасыр дарындары"
      Маған ұнайды:
      01.12.2012, 22:00
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айболат Кожангалиев
      Орал қаласында өткен "Ұланымыз ұлы елдің" форуым осы сілтемеден коре аласыздар!
      Маған ұнайды:
      01.12.2012, 21:57
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220