Жаңалықтар

  • Қарияға көмек - азаматтық парыз

    «Қазақстан-мейірімділер мекені, Ақтөбем-кең жүректілер елі» облыстық балалар бастамасының жоспарына сәйкес, Ақтөбенің 150 жылдығына орай, облыстық «150 игі іс» акциясы аясында Ф. Оңғарсынова атындағы мектеп гимназиясының Жасұландықтары «Қарияға көмек-азаматтық парыз» акциясына белсене ат салысып, қамқорлығымызды қажет ететін қарияларымыздың ауласын қардан тазалап, батасын алды.

    05.02.2019, 9:00 | Пікір: 0
  • Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде

    1 ақпанда Қостанай облысы Қамысты ауданының Краснооктябрьск орта мектебінде «Біз сенің балаларыңбыз Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты «Жас Ұлан» РББЖҰ мектептік өзін - өзі басқару көшбасшыларының III аудандық форумы өтті. Шара Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының белсенділерінің арасында жастар жылын ашуға арналды.

    01.02.2019, 15:00 | Пікір: 0
  • Астаналық жасұландықтар арасындағы cпартакиада өтті

    2019 жылы 14 қаңтарда Астана қаласының №54 мектеп-лицейінде жасұландықтар арасында спартакиада өтті. Балалар дартс, арқан тарту, қаппен жүгіру, допты жүргізу және т.б. сияқты байқауларда жарысты.

    14.01.2019, 9:00 | Пікір: 0
  • 10 әлеуметтік бейнеролик жарыққа шықты

    "Жас Ұлан" ББЖҰ" РҚБ "Отбасы - бақыт мекені" жобасы аясында отбасы құндылықтарын нығайту, келісім мен тұрақтылықта өмір сүру салтын көтеру, отбасы институтын қалыптастыру мақсатында 10 әлеуметтік бейнеролик түсірді. Жоба Астана қ. Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

    15.12.2018, 0:00 | Пікір: 0
  • Астана қаласында жас отбасыларға арналған тренингтер өткізілді

    2018 жылдың қараша, желтоқсан айларында Астана қаласы бойынша 15 мектеп, 5 аула клубында 420-дан астам ата-аналарға тегін тренингтер өткізілді. «Отбасы - бақыт мекені» жобасы аясында, отбасы құндылықтарын нығайту, келісім мен тұрақтылықта өмір сүру салтын көтеруге бағытталған семинар-тренингтер қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

    09.12.2018, 6:26 | Пікір: 0