• 30 ұпай

ДОСТАРЫМ

2 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • Дина БӨКЕБАЙ
      Қазақтың ұлттық ойындары

      «Бәйге»
      Ең танымал және кең тараған қазақтың ат үстіндегі спорт түрлерінің бірі және жалпы сөреден басталатын қысқа және ұзын қашықтықтарға ат шабысты бәйге деп атайды. Классификациялық қашықтықтар: 7, 12 және 16 ш. 7 ш бәйге бүкіл кеңестік жылқы зауыттардын, совхоздардын, колхоздардын ат спортты жарыстарының міндетті қашықтықтарға кірді.

      «Біркүт салу», «құс салу»

      Іскерлікті құстармен ойын, бірнеше түрлері бар және біркүттің қатысуымен ең тарағаны. Жарысты өткізу үшін тізу алаң таңдалады, қайда жабайы аңдар, соның ішінде қасқыр да жіберіледі. Кімнің бүркіті бірінші ұстайды, сол жеңімпаз аталады.

      «Жамбы ату»

      Жамбы ату немесе нысанаға садақпен ату бұл Қазақстанда революцияға дейін ең тараған спорт түрі. Қазақтардың арасында көптеген мықты мергендер болды, өйткені нағыз жігітке іскерлік, күш және батылдық сапаларымен қатар дәлме-дәл тигізушілік ажырамайтын бөлігі боп саналатын. Жерде тұрып ату, ат үстінде отырып ату және атпен шауып келе жатқанда ату садақпен атудың бірнеше варианттары бар. Ақырғы уақытта жерде ату ең тараған болатын. Атудың нысанасы жамбы (күміс дөңгелек) қызмет ететін, қайсысын жұқа жіппен (аттын жалынан) үлкен бағананың кермесіне іліп қоятын. Нысанаға сирек мергендер ғана тигізетін. Жіпке көздеу ең рационалды болып саналатын. Ілініп тұрған дөңгелекті жерге құлату үшін жіпке дәлме-дәл атумен тигізу керек болатын. Қазіргі уақытта садақпен ату жарыстары Республикамыздың мемлекеттік спорттық комитетімен бекітілген ережелер бойынша өткізеді. Олар (садақтан атудан көрі) нысанаға найзаны лақтырумен ат шабысты жөн көреді.

      «Жаяу жарыс»

      Қиылысқан жергілік бойынша жүгіріс ежелгі заманнан бастап спорттық мейрамның бағдарламасына кіреді. Революцияға дейін кедей халықтарының арасында үлкен таралумен қолданған, қайсылардың бағалы жүлделері бар жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіншіліктері жоқ. Бұл жүгірістің кросстан айырмашылықтары мүлдем аз.

      «Жорға жарыс»

      Жорғалап жүретін жылқылармен шабу жарысы. Жүрісі және шабысы кезіңдегі өзінің ритмикасымен, жұмсақтығымен, табасын ерекше қоюымен қолданатын жылқылар үшін өзара түрі. Жорға жүргенде жылқының алдынғы және артқы оң жақ (алдынғы және артқы сол жақ) аяқтары алға қарай бірдей қойылады.Жарыс кезінде жақсы жорғалар жай шабысқа ауысып кетпейді. Осы ереженің әрбір бұзылуы үшін жорғаларға айып салынады және ережені үшінші рет бұзған үшін жарыстан шығарылады. Әдетте жорғалар жарысында ұлттық мейрамды киімдерді киген жас салт атты қыздар мен әйелдер қатысады. Әйелдер үшін, 2,3 ш және ерлер үшін, 4,6 ш классификациялық қашықтықтар болып келеді.

      «Көкпар»

      Салт аттылардың ешкінің денесін алу үшін ат спортының күресін көкпар деп атайды, ал көк бөрі қазақша көк қасқырды білдіреді. Көшпенділерге қасқыр ең кесір дұшпаны болатын, егер біреуге жыртқышты өлтіру сәтті болса, онда ол қасқырдың денесін жиналған қауымға беретін. Қасқырды өлтіру күні біртүрлі мейрам сияқты болатын. Қауымдағы әрбіреуі қасқырдың денесін өз ауылына әкетпекші болатын және осы үшін күрес пайда болатын. Бірақ қасқырлар әрқашанда өлік болмайтын және осы уақытта жабайы аңның денесін басы кесілген ешкінің денесі ауыстыратын. Бізге дейін тек “көк қасқыр” аты ғана жетті, ал ойынның мазмұны мен түрі өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен сәйкес өзгерілді. Біздің күндерде көкпар халқымыздың ат спорты ойындарының ең сүйіктісі болып келеді және олсыз ешқандай көпшілік және салтанатты сауықтар өтпейді. Ойынның екі варианты бар – ең таралғаны жалпы-тартыс болып келеді, қайда ойында көптеген салт аттылар қатысады, қайсылардың әрбірі ешкінің денесін өзара алу үшін күреседі. Екінші вариант – дода-тартыс, қайда анықталған салт аттылардың санынан тұратын топтар арасында күрес жүріп жатады. 1958 жылдан бастап жарыстар ипподромның шабу жолында өтеді. Ойын уақыты – 8 және 15 минут. 1957 жылға дейін көкпар бекітілген ережелерісіз мейрамдарда, ауылдарда өткізілген болатын. Бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында көкпар сайыстар бағдарламасының негізгі түрлерінің бірі боп қосылған.
      «Күміс алу»

      Жігіттерге арналған спорт түрі. Салт атты жігіт, жылқының толық жылдам шабысы уақытында жерде, орамалдарға түйіліп жатқан тиындарды бірінен соң оң жаққа және сол жаққа шапшаң еңкейіп көтеріп алады. Әрбір сәтсіз мүмкіндік үшін айып уақыты беріледі. Кім бір шабыстан ең көп орамалдар саның жинап алса, сол жеңімпаз атанады.

      «Қыз қуу»

      Ипподромның 300-400 м қашықтық шабыс жолында өткізілетін халық ат спорттық ойыны. Сөреде бір-бірінен 10 м қашықтықта екі жылжытып ауыстырылатын жалаушалар қойылады. Бірінші жалаушадан қыз бастайды. Екінші жалаушаның сызығын өткен соң жігітке қызды қуып жетуге рұқсат беріледі. Ыңғайлы үшін бүкіл жұптарды бір жаққа бірінен соң бірі жіберу керек. Кейін, осы ретпен артқа келеді, бірақ осы жолы керісінше, қызға жігітті қуып жетуге рұқсат беріледі. Ойынның бірінші кезеңнің мазмұны жігітке қызды қуып жету керек. Егер жігіт қызды қуып жетсе, онда оған шабыс кезінде қызды сүйіп алуға болады және жеңімпаз деп аталады. Егер бірінші кезеңде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда екінші кезеңде, кері қайтқанда, қыз, жете алмаған үшін жігітті қуып жетіп оны қамшымен соғуға рұқсаты болып соға алады, сонымен жеңімпаз деп аталады. Ойын басқа халықтар арасында шапшаң тарап кетті. 1957 жылы Мәскеуде, бірінші бүкіл кеңестік ат спорты жарыстарында қазақ спортшылары қыз қууды бірінші рет көрсетті, ал бес жылдан кейін бұл түрді республиканың бүкіл жылқы ұстау мекемелерінде жүргізіп жатты.

      «Қыз жарыс»

      Тек қана қыздар қатысатын 1600 м және 2000 м қашықтыққа шабыс. Қыз жарыс ойыны 1958 жылы С. М. Буденныйдің ұсынысы бойынша алғашқы рет Мәскеуде өтті.
      Достар, тағы қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
      Маған ұнайды:
      08.11.2014, 6:11
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220