• 1770 баллов

FRIENDS

15 друзей

    МОИ ПОДАРКИ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    СООБЩЕСТВА

    состою в сообществах

    GAMES

    1 games

    • 0
      Калжан Кемалов - Ойна кудалар
    • 0
      Завтра-будет-лучше-чем-вчера-птица-счастья-завтрашнего-дня---Витас(muzofon.com)
    • 0
      Жiгiттер - Ак босага
    • 0
      Аттен тоннын келтес ай
    • 0
      Акудайлар
    • 0
      Mirambek-karagim-ai
    • 0
      Manas+Buharbaev+-+Той+бастар(music.nur.kz)
    • 0
      0Sary Arka dueti - Hor kyzy
    • 0
      04. Kizdar ai
    • 0
      01. Ynsiz jyrek
    • 0
      55 МузАРТ-Жубайлар жыры.
    • 0
      чунга чанга
    • 0
      17.+-+Чунга-Чанга(music.nur.kz)
    • 0
      17.+-+Чунга-Чанга(music.nur.kz)(1)
    • 0
      detskie_pesni_-_chunga-changa_zaycev_net
    • 0
      serebro_-_mama_lyuba_davay_davay_davay_d_get-tune_net
    • 0
      ты кто токой, давай до свидание...
    • 0
      BALAPANIM -
    • 0
      BALAPANIM +
    • 0
      KUI + TUIE
    • Айжан Реймова
      ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.


      ҚР Президенті Н. Назарбаев
      Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бұл туралы бүгін елордадағы «Астана Опера» жаңа мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан халқына Жолдау арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

      «Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», — деді Мемлекет басшысы.
      Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берді.

      «Тура 15 жыл бұрын біз Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдадық. Бұл 1997 жыл болатын, әлі посткеңестік дүлей басылмаған, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияның және өзге де аймақтардың нарығын шарпып тұрған. Бізге де өте қиын еді» деді Елбасы.
      «Осы өткен жылдарда біздің Стратегия бізге шамшырақ қызметін атқарды, тура жолдан таймай тек алға жүруімізге ықпал етті» деді ҚР Президенті өз сөзінде.

      «Біз өз жолымызды таңдауымыз керек еді, ал бұл жол Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген. Бұл құжат бізге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді» деп атап өтті Н.Назарбаев.

      Қазақ тілі 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшеді. Бұл жайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері ұлт зиялылары қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бүгінгі таңда ана тіліміз кириллица әріптерімен жазылып жүр.
      I like:
      30.11.2013, 14:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      Елбасы Н.Назарбаевтың

      қанатты сөздерінен...



      1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.



      2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.



      3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін республика – Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.



      4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.



      5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.



      6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.



      7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.



      8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек.



      9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



      10.Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенін әлемнің ұғынғанына зор сенім артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкіметтердің уәдесіне сеніп қана қоймай өз елінің қуатына да сүйсінетінін ұмытпағанымыз жөн.



      11.Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.



      12.Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарастыратын заман.
      I like:
      30.11.2013, 14:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      "Темірді қызған кезде соқ" - менің өмірлік ұстанымым...
      I like:
      18.10.2013, 21:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      Шақшақұлы Жәнібек хан Төле би бабамыздан ақыл сұрай отырып былай деп сұрақ қойған екен:

      — Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Боз бала болып ерлік құрайын ба? Үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді, ақыл сұрай келдім, – дейді. Сонда Төле би бабамыз:

      — Өгізді өрге салма қанатың талар, наданға көзіңді салма сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа түбіңе жетер. Жал-құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Ақылдың түбі құт болар. Елге бай емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш! Ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге күш – деген екен.
      I like:
      18.10.2013, 21:33
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      1. Жалпы ережелер
      1.1. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
      1.2. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
      1.3. «Жас Ұлан» өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
      1.4. «Жас Ұлан» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
      2. Мақсаты мен міндеттер
      2.1. «Жас Ұланның» мақсаты:
      - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
      2.2. «Жас Ұланның» міндеттері:
      - Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
      - балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
      - танымдық жұмыстарды ынталандыру;
      - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
      - жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
      3. Қызметтері мен қағидалары[edit]
      3.1. «Жас Ұлан» келесі қызметтерді атқарады:
      - тәрбиелік;
      - танымдық;
      - коммуникативтік;
      - әлеуметтік;
      - ақпараттық;
      - шығармашылық.
      3.2. «Жас Ұлан» қызметінің қағидалары:
      - азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
      - еріктілік және қол жетімділік;
      - ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан» ұйымының дәстүрлерін сақтау;
      - ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
      - қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
      4. Мүшелік, оған қабылдану және шығу тәртібі
      4.1. «Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.
      4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
      4.3. «Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.
      4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.
      4.5. Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде ⅔-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
      5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
      5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
      - «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
      - «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
      - «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);
      - «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
      - Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;
      5.2. «Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
      - «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
      - «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
      - оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
      - салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
      - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
      6. Рәміздері мен ерекше белгілері[edit]
      6.1. «Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.
      6.2. Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.
      Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.
      Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.
      Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады. Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушыі мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.
      6.3. Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.
      6.4. Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.
      6.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.
      7. Құрылымы[edit]
      7.1. «Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.
      7.2. Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.
      7.3. «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.
      7.4. «Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.
      7.5. «Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.
      7.6. Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді.
      7.7. Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.
      7.8. Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.
      7.9. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
      7.10. Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
      8. Басқарушы органдар[edit]
      8.1. Жоғары кеңесуші органы - «Жас Ұлан» Республикалық Құрылтайы болып табылады. Құрылтай кемінде жылына бір рет өткізіледі.
      8.1.1. Құрылтайды шақыру, күн тәртібін, регламент, өкілеттілік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібін Республикалық Кеңес анықтап, жариялайды. Оны төтенше және кезектен тыс шақырылымдарды есептемегенде, өткізілу күнінен екі ай мерзімге дейін уақытта хабарлауы тиіс.
      8.1.2. Төтенше және кезектен тыс Құрылтай Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерінің ⅓-інің бастамасымен Кеңес шешімі негізінде шақырылады.
      8.2. Басқару органы - Республикалық Кеңес.
      8.2.1. Республикалық Кеңес отырысы жылына үш рет, соның ішінде күнтізбелік жыл соңында Кеңестің есеп беруі өткізіледі. Кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің ⅓-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес мүшелері алдын ала жұмыстың басында белгілейді.
      8.2.2. Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:
      - «Жас Ұлан» ережесін бекіту;
      - ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;
      - ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасы;
      - ұйымның бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;
      - «Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;
      - Төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;
      - Кеңес Төрағасын 2 жыл мерзіміне сайлау;
      - Ұйымның құрметті мүшелерін қабылдау;
      - Ұйымның бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау, Ұйым бөлімшелері туралы Ережені бекіту;
      - «Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.
      8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан басшыларын» қосқанда 2 адамнан).
      8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл.
      8.3. Кеңестің жалпы қызметіне Кеңес Төрағасы жетекшілік етеді.
      8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын тоқтатылады;
      8.3.2. Кеңес төрағасы келесідей қызметтерді атқарады:
      - Құрылтайда есеп береді;
      - төтенше және кезектен тыс Кеңес отырысын өткізу бастамасын айтады;
      - Кеңестің қызметін үйлестіреді және Кеңес отырыстарына басшылық етеді;
      - «Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысын үйлестіреді;
      - мемлекеттік және басқада мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста «Жас Ұланның» ресми өкілі болады;
      - ұйым қызметін басқару, штаттық кесте және лауазымдық нұсқаулықтарды атқарушы директордың ұсынуымен бекітеді;
      - ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
      8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас Ұлан» Кеңесі сайлайды.
      8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.
      8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.
      8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.
      8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:
      - өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;
      - жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;
      - Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;
      - бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;
      - кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;
      - ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;
      - еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды;
      - ұйым атынан келісім-шарт жасайды;
      - Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.
      8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.
      8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.
      8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.
      9. Халықаралық жұмысы[edit]
      9.1. «Жас Ұлан» қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.
      9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.
      "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының ресми нышандары
      «Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн - жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі.
      «Жас Ұлан» белгісі. Дөнгелек шар тәрізді форма. Шар - өмір мен мәңгіліктің бейнесі. шардың жоғары жағында орнамент сипатындағы өрнек - бұл қазақстанның төбесінді мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы. Алтын адамға қоса өрнектелген ою өрнек - қазақ елінің салт-дәстүрінің жарқын бейнесін сипаттайды.
      «Жас Ұлан» галстугі. Атлас матадан тігіледі. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс - жастарымыздың білімі теңіздей терең, бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі.
      I like:
      18.10.2013, 21:28
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      ЕХРО-ға дайындық қалай?

      Алдымызда, ең үлкен белес – Қазақстанды барынша танытатын кез ЕХРО көрмесі. Оған деген көзқарастың қайшылығына қарамастан дайындықты бастап та жібердік. Саралап қарасақ, ұтылатынымыздан ұтатымыз көптеу сияқты. Көрме арқасында Қазақстанның біршама туристік жобалары өз жоспарларын орындап, біршама қаланың өркендеуіне мүммкіндік тумақ. Бірақ...
      Бірақ, дүниежүзілік көрменің ұйымдастырылуына бөлінген қаржы өз орнымен жұмсалса болғаны.
      Көрмені қалай өткізу керек, шетелдіктерді қалай таңқалдырамыз деп біршама ғалымдарымыз бен азаматтарымыз өз ойларымен бөлісуде.
      Олардың көңілге қонымдылары көп-ақ. Соның ішіндегі Астанаға қонақ үйді жыпырлатып салып тастағаннан гөрі, өзіміздің тарихымыздан сыр шертетін көшпелі халықтардың бір белгісі ретінде Қазақстанның жасыл желегінде киіз үйімізді құрып тастау. Былай қарап тұрсаң, зәулім қонақүйлерге кететін ақшаның біршама бөлігі ғана кетеді.
      Осындай шығынымызды азайтатын, кірісімізді көбейтетін жобаларды саралап, іске қосу керек сияқты.
      I like:
      18.10.2013, 20:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      Менің сүйікті кітабым
      Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
      Серке ҚОЖАМҚҰЛОВ
      «Казіргі уақытта кімде – кім ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деп заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, өз ана тіліме құрмет көрсетуім үшін, ең әуелі қазақ әдебиетіне құрмет көрсетуім керек екенін түсінемін. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәніне деген сүйіспеншілігімді айтпағанның өзінде, менің әдеби кітаптарға деген махаббатым - туған өлкем мен Отаныма деген махаббатымның дәлелі іспеттес.
      Мен бүгін ұстазымнан «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе жазуға тапсырма алдым. Сүйікті кітабым туралы жазуға қолыма қалам беріп, еркіме жібергенде, жалғыз бір ғана кітап туралы баяндап нүкте қою менің қолымнан келмеді. Сондықтан да, сіздерден кешірім сұрай отырып, жалпы оқыған кітаптарым туралы замандастарыммен сырласқанды жөн көрдім.
      Әуелі есіме ең алғаш 7 жасымда оқыған кітабым «Қазақ ертегілері» түсті. Кітапханаға барғанымда мұқабасы жылтыр, әдемі, көрнекті болғандықтан оны алып оқығанша асықтым. Өте қызық кітап болатын. Оқып болған ертегімді дереу анама мазмұндап беремін. Кітапты оқып отырғанымда ертегілір әлеміне кіріп кеткендей сезімде боламын. Ал, кітаптың соңғы бетін жапқанда ертегілер әлемінің шырмауынан шыға алмай, құдды ертегінің кейіпкерлері мені жібермей жатқандай күйде болдым. Бір ғажабы анама ертегінің мазмұнын баяндап жатқанда көзімді тарс жұмып алып, ертегілер еліне кіріп, бүкіл оқиғаға өзім қатысып жүргендей, анама тіпті өз көзіммен көргендей бәрін түгелімен баяндап бердім. Мен бұл кітапты бір емес, бірнеше рет оқып шықтым.

      Ол кезде бастауыш сынып оқушысымын. Ана тілі сабағында мұғалім Бердібек Соқпақбаев атты жазушының өмірі жайлы оқушыларға қызықты мағлұмат беріп жатыр. Кенет ол жазушының «Менің атым – Қожа» атты повесті бар екенін айтқан кезде ойыма бірден сотқар Қожа түсті. Мен бұл киноны бір емес бірнеше рет көргем. Бірақ оның кітабы бар екенін мұғалімнен алғаш естуім болатын. Мазмұнын білсем де тезірек оқуға асықтым. Оқыдым. Киносынан аздаған өзгешеліктер бар екенін байқадым. Жазушы болуды армандайтын Қожаның армандары мені де армандай білуге, қиялдай білуге үйреткендей болды. Осы кітапты оқып шыққаннан кейін мен мектеп кітапханасының тұрақты оқырманы болып алдым.
      Тағы бірде кітапханаға барғанымда мектеп кітапханасының сөрелері жаңа кітаппен толыққанын көрдім. Сосын мен көп кітаптың ішінен ең қалыңын таңдап алдым. Бұл шетел жазушысы Джеймс Гринвудтың “Өгей бала” атты романы еді. Жазушы өзінің балалық шағын баяндаған. Ұйықтар
      алдында оқиғаны одан әрі өрбітіп, ойша аяқтап та қоямын. Мені қатты таң
      қалдырғаны, Қожа мен Джеймнің арман – қиялдары өте ұқсас болатын.Сондықтан да мен Ұлы адамдарды Ұлы қылатын - олардың Ұлы армандары екенін түсіндім. Дұрыс армандай білу адамды дұрыс жолға жетелейтінін ұқтым.
      «Мейлі, баспаса баспай –ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын». Бұл – Қожаның сөзі екені айтпаса да түсінікті. Мен осы сөзді қалай өзімнің өмірлік қағидам ретінде ұстанып қалғанымды сезбей де қалдым. Кейбір жерлерде айтқаным, не ойлағаным орындалмай қалған жағдайларда осы сөзді ішімнен бір қайталап аламын. Мұны оқығандар мені «өзімшіл» деп ойлайтын шығар. Бірақ, мен де арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын.
      Сұм соғыс ананы баладан, баланы анадан айырды емес пе. Қаншама жастарымызды қыршынынан қиды. Аналарымыз күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Соғыс туралы, оның зардабы туралы жазылған кітаптар өте көп. Соның бірі Қасым Қайсеновтің “Жау тылындағы бала”


      атты повесті. Бұл кітапта соғыстың үлкенді де, кішіні де талғамай жалмап кеткендігі туралы айтылады. Басты кейіпекр 10 жасар Серік атты бала жат жерде әкесінен де , анасынан да айырылып қалады. Ең сұмдығы ол анасының қазасын көзімен көреді. Серіктің Отанына деген адалдығын, қайтпас қайсарлығын оқығанда мен өз - өзіме «Мен өз елімнің нағыз патриоты болуым керек» деп сөз бердім.
      Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» кітабындағы басты кейіпкер Қанаттың да балалық шағын сұм соғыс балдай тәтті қылып өткізуге мүмкіндік бермеді. 10жасар Қанат таңның атысы, күннің батысымен таласа қырманда еңбек етті. Сөйтіп, жүріп те оның оқуға деген талабы таудай болды. Ата – анасынан ерте айырылған Қанат бригадирден көрген қорлығын адам баласына жақ ашып айтпаушы еді. Жас балаша көзінің жасын көрсетіп жылауды ездік, әлсіздік деп есептейтін. Ол мойнына артылған жауапкершілікті кішкентай жүрегімен сезіне білді. Жалпы бұл повест өте қызықты шығарма. Менің сүйікті жазушыма айналған бұл жазушы дүниеден өткенде Қуаныш Сұлтанов көңіл айта келіп: «Әпке, ағаның өзі кетсе де, туындылары қалды. Қайыса бермеңіз, «Жабайы алмасының» дәмі бәрібір оқырмандардың ауызында қалды», – деп көңіл айтыпты.Анамның айтуынша, ол кезінде қолдан-колға тимей оқылған кітап екен. Ал қазір менің қатарластарымның кітаптан алыстап кеткені рас. Оның үстіне көлемді дүниені оқып отыруға уақыт тапшы дейді.
      Өкініштісі, менің достарымның арасында Қожадай армандай білетін, Джиммдей өте шыншыл, Серіктей қайсар, Қанаттай еңбекқор балалар тым
      аз. Мен осыған қатты қынжыламын. Осы кітаптарды достарыма өтініп тұрып оқуға бердім, олар оқыды, бірақ неге екенін білмеймін олардың мінезінен еш өзгеріс байқамадым. Кітаптарды оқып болғаннан кейін қызу пікірталас болатын шығар, бір – бірімізбен жарысып талқылайтын шығармыз деп ойладым. Осы күнді асыға күттім. Достарыммен кітап туралы таласа әңгімелесіп жатқан кезімізді ойша елестеттім. Бірақ мен бекер үміттеніппін. Үмітім ақталмады. Олай болмады. Неге? Сонда, олар


      кітаптың мазмұнын түсінбеді ме? Олай дейін десем, не туралы екенін, не түсінгенін сұрағанымда мазмұнын қысқаша айтып берді. Әрі қарай әңгімелеуге құлықтары болмады. Ең өкініштісі, «Сенің көңіліңді қалдырмайын деп оқып едім, қанша уақытым босқа кетті» деген сөздері көңіліме ауыр тиді. «Көңілімді қалдырмағандарыңа рахмет» деп іштей қайталадым...
      «Көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам.» деген екен әйгілі ағылшын ғалымы. Кез – келген адам жан дүниесі құлазыған шақтарда қолына көркем әдебиет алып оқи бастаса, қоғамда келеңсіз жағдайлар азаяр ма еді...



      Реймова Айжан Ақылбекқызы
      I like:
      06.09.2013, 19:16
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айжан Реймова
      "Жас ұлан" ұйымының рәміздері: ту,галстуг, төсбелгі,эмблема.
      I like:
      29.08.2013, 21:03
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220