Айсулу Жеткерген
Ананы аңсау
Ана.Сарқылмас бақыт,мойымас жігер, тулап соққан жүрек.Мен ананың болмысын осылай сипаттаймын.Ана-дүниедегі баға жетпес қазына.Ананың әлдиінен,ананың махаббатынан асқан бақыт бар ма сірә?Ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербеткен.Әрбір перзент атаулыға ананың махаббаты шексіз бақытпен тең.Ал,өз перзентінің биік белесті бағындырып,жақсы азамат болуы-ананың басты арманы.
Ана деген сөзді естіген де дір етпейтін кеуде бар ма,туламайтын жүрек бар ма?Ана сөзі бүкіл тіршілікті аяғынан тік тұрғызары хақ..Сол секілді де қазір менің кеудем де бір толқып,бір тулап отыр.Менің де анам көз алдымда.Қалай ұмытам?!
Анам мені өмірге әкеліп,сонан соң,бір айға жетер-жетпес уақытта көз жұмыпты.Мені көтеріп жүрген де бір дертке ұшыраса керекті.Үйдегілер өзіңді ойла,баланы алдыртып таста деп қаншама рет айтыпты,бірақ ол мені қимапты,бауыр етін тастағысы келмепті....
Менің мына әлемді көріп,биік белестерді бағындырғанымды қалапты.Осылай 7айлық сәтімде өмірге келіппін.Бәрі де құдды көз алдымнан өткендей жағдай іспеттес.3күн аш құрсақ,перзентханада жатқан бұл баланың адам болып кетерін кім білген?Бәрі айтады: «сені адам болар деп ойламап едік»,-дейді.Иә,рас мұндай да ғажайып болғаны да.Алланың маған берген сыйы болар бәлкім? Анам қайтыс болғаннан соң,нағашыларым өздері мені Алматыға алып кетіпті.Сол жақта анамның сіңілсі 6-айлығыма дейін мені бағыпты.Сонан соң ата-әжем 6-жасыма дейін жеткізіпті.Кейін осы Қожабақы ауылына келіп,осында алғаш мектеп табалдырығын аттадым.Шынымды айтсам қазір сол кездерді есіме алсам,жылап алам.Сонда бұл жан анасының жанында жоқ екенін сезінбеген бе,анасын сағынбаған ба деген ой келеді .Рас,мен неге анамды сағынбаған екем,әлде оның сағынғанмен де келмейтінін білдім бе екен?
Иә,мұның бәрі менің басымнан өткен жағдайлар.Мен бұны жай ғана жазып отырғаным доқ,немесе өзге жыласын деп жазыпта отырғаным жоқ.Менің осы сырымнан өзгелер сабақ алып,аналарын сыйлап,қадірлесін деген ой ғана.Мұны жазу маған да қиын.Мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін.Өз анасына арнап кім өлең жазбайды?Мен де нағыз ақындардай жазбасам да,өз жүрегімнен шыққан кішкене жүрекжарды өлеңімді анама арнаймын!
Бала екем,есімді жиып оянсам,
Отбасым бар жан-жағыма қарасам.
Бір адам жоқ деп отбасы қасымен,
Әрі-бері ой ойлаумен таласам!
Иә,расымен анам қайда ағайын,
Жіберіңдер іздеп ,тауып барайын,
Бар бөлмені қарап шықтым сенбеймін,:
Мені тастап,кетті ме деп ойлаймын.
Жоқ қыдырып кеткен де көрші үйіне,
Көңілім тұр,жай таппайды,күйіне.
Жүрегім де ауырлық бар қайтейін,
Қашан ана ораласың үйіңе?
Тастады ма өзін ажал отына,
Сарығып күттім,келер деп үнсіз отыра.
Артым да сәби құлыным қалды екен деп,
Бір бұрылып қарады ма артына?
Ләззат алар бала ана үнімен,
Өзіңді күттім,сансыз түндер,күнімен.
Неге бізді тастап кеттің айтшы ана?
Сол үшін де өмір бойы түңілем.
Мені өсірді әжем,атам,бәрі де,
Ана өзің көпшіліктің сәні де.
Рахметім мол,бірақ,әттең,қайтейін?
Ана орны сезіледі әлі де!
Бала жүрек соғады әркез,ана деп,
Болған да өзің,бір иіскеп қалар ек.
Есіңде болсын,анашым әркез есің де,
Кішкене жүрек соғады ан өзің деп!
Сырымды менің қайсібірі ұғады,
Шалынар бәлкім,періштемнің құлағы.
Ана-бақыт,нұр себеді жаныңа,
Ана-мәңгі өмірімнің шырағы.
Суынған жүрек,суынған шығар не шара?
Қарай ма өмір, күлкіге де жасқа да,
Мейлі әкем,ағам,атам,бәріде,
Ана орнын баса алмайды басқа да!
Бос уақытта қолыма қалам аламын,
Желдей зулап,жебеп жүргей самалың!
Есіме бірден сен түскен де анашым,
Ұшқырлықпен қимылдайды қаламым!
Күнгдер зулап,түндер өтер,қауышып,
Бір қуаныш,табысармыз, қауышыпр,
Жарық дүние сепкен болса жарығын,
Төтеп берем,жат жандармен алысып.
Суретіңе қарап еске аламын,
Бұдан бөлек барма менің амалым,
Мен көргенді көрмесе екенн,басқалар,
Ендігі менің осы болмақ арманым!
Предыдущие 6 комментариев