Бакытгуль Маратова
12/04/2013: Атырауда «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясы өтті
Жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстремистік идеялардың таралуымен күресу және жастарды тиімді әлеуметтендірудің негізі ретінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді құрметтеу мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға облыстық жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 8 мыңға жуық студенті қатысты.
Жастар алдында баршаны патриотизмге шақыра отырып, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, сондай-ақ облыстағы қоғамдық пікірдің аса беделді көшбасшылары сөз сөйледі.
Жастар акциясының барысында жастар алдында Қазақстанның эстрада жұлдыздары – Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайбергенов, белгілі ақын термеші Еркебұлан Қайназаров және Қарақат пен Қыдырәлі отансүйгіштік рухындағы әндерді шырқап, өз өнерлерін көрсетті.
Предыдущие 6 комментариев