Жаңалықтар

  • «Менің тату отбасым» бейнероликтер мен фотосуреттер байқауы

    Отбасы – кез-келген қоғаммен кез-келген мемлекеттің негізі, бұл адамды өмір бойы бағыттайтын бірегей әлеуметтік топ, жақын адамдардың тек қандық туыстығы ғана емес, рухани бірлігі болып табылады. Отбасы бірлігі арқылы мемлекеттің тұрақтылығы қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Отбасы - қазақстандық қоғамның діңгегі, еліміздің экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттағы жаңа жетістіктерінің негізі. Әр қазақстандық отбасының игілігі – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты болып табылады» деген болатын.

    31.07.2019, 0:00 | Пікір: 0
  • «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауының ережесі

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – cол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деген болатын. Осыған орай, өскелең ұрпақтың жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғана емес, өз тарихын, өткені мен бүгінін ұлықтайтын азамат ретінде тәрбиелеу басты парыз.

    19.06.2019, 17:00 | Пікір: 0
  • "Ұлы Жеңіс - халықтар ерлігі": қазақстандық журналистер мен блогерлер Ұлы Отан соғысымен байланысты маңызды орындарды аралайды

    2019 жылдың 18-22 маусымы аралығында Ұлы Отан соғысының басталғанына 78 жыл толуына жəне Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұлы Отан соғысы - халықтар ерлігі" атты қазақстандық журналистер мен блогерлердің Беларусь Республикасына (Минск жəне Брест қалалары) баспасөз туры өтеді.

    16.06.2019, 15:00 | Пікір: 0
  • Бала шабыты

    Біздің еріктілер @jasulan_team барлық жерде өздерінің көмектерін көрсетуден жалықпайды. "Бала Шабыты" Халықаралық балалар мен жасөспірімдер конкурстық жобасына ерікті ретінде қатысты. Бұл іс-шара кем дегенде жылына 5 рет өткізіледі. Барлығында біздің еріктілер белсенділіктерін көрсетеді.

    10.06.2019, 10:00 | Пікір: 0
  • Атамекен фест

    5 маусымда ауқымды жастар фесті өтті - үздік жүргізуші, мықты спикерлер, олардың ішінде блогерлер және үлкен жетістікке жеткен адамдар бар. "Жас Ұлан" да бей-жай қалмады, еріктілер ретінде бұл іс-шараға қатысты.

    05.06.2019, 9:00 | Пікір: 0