• 7673 ұпай

ДОСТАРЫМ

37 дос

    БІРЛЕСТІКТЕР

    5 топтың құрамындамын

    ОЙЫНДАР

    ойындар жоқ


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      daniyar-suleimen-kishkentai
    • 0
      erkin-shukimanov-osiet-aittym-urpaqqa
    • 0
      Мұқағали Мақатаев - Жігіттер мақтанбалық
    • 0
      Sami Yusuf - Forgotten Promises
    • 0
      Healing
    • 0
      ЖІГІТТЕР+-+Анашым(music.nur.kz)
    • 0
      СЕН ҚАЗАҚСЫҢ
    • 0
      Gimn+Republic+of+Kazakhstan+-+Menin+Kazakhstanym(music.nur.kz)
    • 0
      zhasulan project
    • 0
      Jas ulan самый 1
    • Yernat Abilkassym
      «1269 жылы Италиядан шығып қазақ даласын ұзынынан кесіп өтіп, Моңғол үстіртіндегі Құбылай ханның ордасына барған. Сонда 17 жыл тұрып қызмет атқарған, венециялық Марко Поло дейтін саяхатшы өмірден өткен. Ол 1289 жылы еліне қайтып келіп он жылдан кейін «Әлемдегі қилы оқиғалар» атты кітап жазған. Осы кітабында: «далалықтардың әр үйінде бір-бірден бүркіт бар» депті… Қыран құс – ерлік пен азаттықтың символы. Оны қолына қондырып, бағындыра алатын әлемде жалғыз халық бар. Ол – қазақтар. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің Туында бүркіттің бейнесі көрініс табуы заңдылық».
      Шәкен Ниязбеков
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 17:40
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      ИНТЕРНАТ НАНЫ

      Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есіл-дерті ауқатқа ауып кеткен сияқты еді. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті — екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Интернаттың іргесін жалап ағатын өзеннен асханаға құбыр тартуға ол кезде шама келмеді ме, әлде құнт болмады ма, біз қайдан білейік, әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жеткіншектердің екі иінінен зілдей басып, онсыз да тапал бойды төмен тартар еді.
      Кезекші су мәселесін шешкен соң, картоп аршуға кіріседі. Одан кейін ұзыннан-ұзақ созылған столға екі қатар қалайы тәрелкелерді, қисық-қыңыр қалайы қасықтарды қойып шығады. Содан соң барып әрбір тәрелкенің тұсына тілдей-тілдей кесілген қара нан қояды. Бұл кезде Әлтайдың қасына тәрбиеші немесе аспаздың өзі ілесіп жүреді. Соның өзінде де Әлтай олардың қырағы көзін ала беріп, бірер кесегін томпақ ауызға бұралақтап ұрып жібереді. Тәрбиеші оның аузына күдіктене қарар еді. Бірақ Әлтай сыр бермейтін. Сірә, нанды шайнамай жұтып жіберетін шығар.

      Түс кезінде мектептен балалар апыр-топыр жарыса оралады. Кітаптарын бөлмеге қояр-қоймас, асханаға қарай анталар. Сонда Әлтай оларға кәдімгідей одыраңдап:
      - Өй, өңшең жалмауыз, топырламай бір-бірлеп кіріңдер, - деп есіктің аузында тұрады.
      Кезекшілік күні өткен соң, Әлтайдың көңілі той тарқағандай құлазып қалады.

      Интернаттың әшмүшкедей нормалы нанын місе тұтпай, қоңқылдап, сабақ біткенше әрең шыдайды. Кейде соңғы сабақтан қашып кетеді. Жол-жөнекей драмтеатрға соғып, қандай спектакль жүретінін, қандай контрамарка болатынын біліп алады. Интернатқа келе сала ас үйден бір түйір картоп сұрап алып, оны ойып мөр жасайды. Кітаптың қатырма мұқабасын кесіп-кесіп картопқа сия жағып, мөрді картонға мұқият басады. Сөйтіп әрбір контрамарканы нанға айырбастайды. Театрға барушы талапкерлер табылады. Аш қалуға бейіл, бірақ «Қобыландыны», «Қыз Жібекті» көруге құштарлар, құдайға шүкір, бар. Театрдың қызметкерлері ойын соңында контрамарканың соншалықты көбейіп кеткеніне таң қалысады.

      Нанды қиып, театрға барғандар спектакльден қайтып келгенде қарындары ашады.

      - Ұйықтаған соң қарынның ашқаны білінбейді, — дейді әр нәрседен хабары бар қарачай Хасболат.
      - Онда шуылдамай тезірек жатайық, — дейді балалар.
      Балалар ұйқыға кетеді. Бір бөлмеде он адам жатады. Бәрі әскер балалары. Бәрі де ауылдан келген. Облыс орталығында соғыстан соң жаңадан ашылған интернат-пансионда жатып оқиды. Майданнан әкесі қайтпағандар, соғыстан ағасы келмегендер, аш қарын ұйқыда түстерінде ауылдың нарт қызыл таба нанын көріп, тамсанып жатады.
      Осы кезде Әлтай басын көрпемен жауып алып, нан жейді. Біреу естіп қоймасын деп, дымын шығармауға тырысады.
      Контрамаркаға айырбастап алған нанды тауысқанша ұйқы жоқ.
      Бір күні Әлтай әшкереленіп қалды. Сәттіғұл дейтін бала оның түнде нан жеп жатқанын біліп қойыпты.
      - Палундра! - деп Сәттіғұл айқай салсын. Балалардың бәрі үй өртеніп бара жатқандай орындарынан сасқалақтап атып-атып тұрсын.
      - Не боп қалды?
      - Әлтай нан жеп жатыр!
      - Нан?!
      «Нан» деген сөзді естігенде, ұйқы шайдай ашылады. Жеті түн ішінде таң атып, күн шығып, он жетімнің тар бөлмесіне нұр шашырағандай болады. «Нан» деген сөз - алыстағы ауылдан апаң келіп тұр дегенмен бірдей. Айында-жылында ауылдан апаң бір келгенде кіші қалта талқан, бірер таба нан әкелер еді. Іні-қарындасыңның аузынан жырып әкеп тұрғаны есіңе түскенде, талқан тамағыңнан өтпейді-ау.
      Сәттіғұл барып Әлтайдың үстінен көрпені жұлып алады. Әлтай қақпанға түскен қасқырдай ақсиып айбат шегеді.

      - Бер бізге де! — дейді Сәттіғұл. Басқалар бұл кезде Сәттіғұлды үнсіз қуаттап анталап тұрады.
      - Неге берем, өзімдікі! - деп шаңқ етеді Әлтай.
      - Жоқ, біздікі! - дейді Сәттіғұл.
      - Контрамарканы қайтар, сонда берем, - дейді Әлтай енді қайтер екенсің дегендей.
      - Контрамаркаң жалған. Сені ол үшін соттату керек. Жалған документ жасағаны үшін соттайтын заң бар екенін білмейсің бе, — дейді Сәттіғұл.
      - Онда сол контрамаркамен ұдайы неге өзің театрға кіріп жүрсің? Сені де соттау керек, өлсем — жастығымды ала кетермін, — деп Әлтай қасарысады. Бірақ өзінің кінәсі басым екенін сезіп жаси бастайды.
      - Нан қалған жоқ, әйтпесе не көрініпті, беремін ғой, өле жегенше бөле же деген ғой.
      - Өй, сен мақалдамай шығар бері, қалған жоқ деуін қарашы. Балалар, шамаданын ашыңдар! — деп бұйырады Сәттіғұл.
      Әлтайдың пәнер тақтайдан шағын чемоданы бар, аузында жұдырықтай құлып тұрады. Әлтай өз меншігін қорғамақ боп, кереуеттің астына ұмтылады. Бірақ еңгезердей Сәттіғұл оны төсектің үстіне атып ұрып, тырп еткізбей қол-аяғын басып жатады.

      - Атаңа нәлет, Қодар! - дейді Әлтай ышқынып, — босат былай!
      Балалар театрдан қайтқан сайын ондағы ойынды өздері қайталап, біреу Төлеген, біреу Бекежан болып шыға келетін, Сәттіғұл Қодар рөлін ойнаушы еді. Содан да Қодар атанып кеткен.

      - Дымыңды шығармай жат, паразит Қарабай, — деп масаттанады Сәттіғұл Әлтайдың дүниеқоңыздығын бетіне басып.
      Құлыптың кілті табылмайды. Оған балалар онша өкіне де қоймайды. Епті біреуі шегемен-ақ аша салады.

      Перғауынның мыңжылдық алтын табыты кенеттен табылғандай-ақ, балалар аң-таң болып, ауыздарын ашып аңырып біраз тұрып қалады. Чемодан ашылғанда, ішінде тілім-тілім нан, бір қалта бидай талқан, бір қалта қуырған жүгері, бір қалта құрт жайнап жатады. Балалар енді есін жиып мол тағамға қол сала бергенде, Сәттіғұл айқай салады:

      - Тәртіп сақта! Біз мародер емеспіз, саналы азаматтармыз. Бәрін заңды түрде жасауымыз керек. Біз феодализмнің кәрі қақбасы Қарабайдың малын кәмпескелейміз. Бәріміз теңдей бөліп аламыз, - деп тамақты бөліске сала бергенде... есік сарт ашылып, табалдырықта алпамсадай алып адам иығына шинелін желбегей жамылып, міз бақпай тұрып қалады. Қалың қастары бірігіп кеткен. Көзі оқтаулы мылтықтай. Тұла бойы қаһарлы.

      - Бұл не шу?! — деп ақырады әлден соң. — Неге ұйықтамайсыңдар?
      Әлтай арыз айта алмас. Өйткені өз кінәсі ашылып қалады. Басқаларда да үн жоқ. Өйткені біреудің чемоданын тонауға болмайды. Интернат меңгерушісі қос қолын галифе шалбардың қалтасынан шығармай «қазыналы» қара чемоданға шалқақтай қарап қалады. Қалың қара қасын бір жоғары, бір төмен ойнақтатады.

      Әлден соң:
      - Так-так... Бәрің далаға шық! — деп бұйырады.
      Аулаға шыққан соң, асхананың алдына балаларды қатарға тұрғызады.
      - Смирно! — деп бұйырады. Сөйтеді де асықпастан шалқақтай басып өз үйіне қарай беттейді...
      Кетіп қала алмайсың. Түн ортасында тікеңнен тік тұрған да оңай емес. Балалар күңкілдеп Сәттіғұлды кінәлай бастайды.
      - Сен болмағанда тып-тыныш ұйықтап жататын едік.
      - Мен сендерге жақсылық жасамақ болсам, қарай гөр бұларды. Мен емес, анау Қарабай кінәлі, - деп Сәттіғұл жабайы қодастың назарын Әлтайға бұрып салады. Әлтай енді бір табын сиырдың ортасына түскен қасқырдай болады. Оның бақытына қарай интернаттың бастығы қақырынып-жөткірініп үйінен шығады. Балалар қыбыр етпей «смирно» тұрып қалған. Ай сәулесіне қасқа басы шағылысып, дәу ағай асықпай бір-бір басып таяп келіп:

      - Қарындарың ашты ма? - дейді.
      Дәл қазір «жаурадыңдар ма?» деген сұрақ орынды сияқты. Бірақ интернат меңгерушісі: «Қарындарың ашты ма?» - деп сұрайды.
      - «Қарным ашты десем, әлдене деп жүреді», — деп ешкім үн қатпайды.
      - Айтпайсыңдар ғой, ә? Онда тұра тұрыңдар тағы да, — деп дәу ағай қайтадан өз үйіне асықпай аяңдай бастайды.
      - Ағай! Ағай! Тоқтаңыз, -дейді шыдай алмаған Хасболат күркіреуік даусымен. Онан соң жолдастарына қарап:

      - Неге үндемейміз? Айтпаймыз ба, тұра бергенше! Қарнымыз ашты, ағай, — дейді.
      - Ашты.
      - Ашты, - деп әр жерден бір дауыс дірілдеп шығады. Сонда дәу ағай:
      - Ашынған қарын тойынар. Барыңдар, ұйықтаңдар! — деп бұйырады.
      Жақсы сөз – жарым ырыс, балалар жәбір-жаманшылықтың бәрін ұмытып, жылы көрпелердің астына қойып-қойып кетеді. Сол көңіл тоқтықпен рахаттанып ұйқыға кірісе бергенде, әрбір төсектің басына Әлтай келіп, балаларды басынан түрткілейді.

      - Мә, — дейді аң-таң болған жолдасына Әлтай бір тілім нан ұсынып. Нан жетпегендерге бір уыс талқан немесе бір түйір құрт тиеді. Бөлме іші мейірімге толғандай. Сол сезімнің әлдилеуімен он бала тәтті ұйқыға кетеді. Түстерінде бір қанар нан арқалап, балаларға үлестіріп жүрген дәу ағайды көреді. Жаңа жыл екен дейді. Интернат асханасының қақ ортасына үлкен елка орнатылған екен. Шыршаның әрбір бұтағынан қызыл-күрең бөлке-бөлке нан салбырап тұр екен. Дәу ағай Аяз-Ата болған екен, Жаңа жылда конфет орнына бір-бір бөлке нан сыйлап жүр екен. Сол бөлкелердің қақ ортасына Әлтайды салбыратып іліп қойған екен...

      Қыстың қысқа күні асханадағы тілдей қара наннан басталады. Ештеңе өзгермеген. Әлтай бүгін кезекші емес, содан да қабағы салыңқы. Кезекші болмаған күні мектепке барар жолдағы нан магазинін қалайда бір сүзіп өтер. Магазинші сары әйел ұдайы ашулы болады. Әлтайдың карточкасы жоқ екенін біледі де:
      - Бар, айда! - деп қуып жіберетін.

      Бүгін де мектептен қайтқанда шыдамай, кабактың тұсына тоқтамай өтпейтін маскүнем құсап, Әлтай нан магазиніне қалай кіріп кеткенін өзі де білмей қалған. Кіруін кірсе де, сатушы қатын ұрсар ма екен деп қипақтаған. Бірақ сары әйелдің жүзі жарқын, қабағы жазылған. Сақ-сақ күледі. Күледі де пештен жаңа шыққан жып-жылы нанды күндегідей тілдей етіп тілмей, бөлке-бөлкесімен беріп жатыр. Карточкаға емес, ақшаға беріп жатыр. Магазиннің іші нанға тіреліп тұр. Жарықтықтың иісі жұпардан жүз есе артық.

      Әлтай интернатқа алып-ұшып жетіп, асханаға кірсе — күндегі тілдей тіліктердің орнына жарты бөлкеге жақын дәм қойылған екен.

      - Ал, қарындарың тояды енді! Карточка системасы жойылды! Нан молайды. Сендерді нан күнімен құттықтаймын! - деді интернат меңгерушісі. Бұл - 1947 жылдың 16 желтоқсаны еді.

      Әлтай сонда әлгі нанды жеп тауыса алсашы! Әшейінде бұралақтап ауызға бір-ақ асайтын асты тауыса алмай, тойды да қалды.

      * * *

      Мен бұл кезде қызметке баратын жолда астанадағы ең үлкен нан магазині бар. Ешқандай жұмысым жоқ, тамағым тоқ болса да әлгі магазинге анда-санда бір кіріп шығамын. Нанның сондағы түр-түрі-ай. Қазақтың таба наны дейсің бе, украинаның қара наны дейсің бе, қалалық ақ бөлкелер дейсің бе, кірпіш нан, дөңгелек нан... Магазиннің іші жып-жылы. Нан иісі – ана сүтінің иісіндей. Осы магазиннің тұсынан өткен сайын, интернат есіме түседі. Әлтай қазір аудандық оқу бөлімінің бастығы, ғылым кандидаты. Сәттіғұл ірі совхоздың директоры. Мен болсам...
      Жиі-жиі ойға қалам: іргесін боз өзен жалап жататын интернат болмағанда, интернаттың бір тілім қара наны болмағанда, біз осы дәрежеге жетер ме едік? Кім біледі...

      Нұр жаусын саған, интернаттың қара наны!

      «Интернат наны» әңгімелер жинағы

      1974 жыл
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 17:37
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      АБЗАЛ БӨКЕН - "МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ"



      Сол бір Желтоқсанның қара бұлтты, қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде лек-легімен шеру тартқан қазақ жастары бір асқақ әнді аспандата шырқап еді. Шырқап бара жатып жылап еді. Ол қай ән, қандай ән екені естеріңізде ме, жамиғат? Естеріңізде болмаса, еске сала кетейік. Ол - МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ.

      Рухында азаттықтың ақтаңгері атой салған осы ән сонау алпысыншы жылдары өмірге қалайша келе қалды екен? Ақын Жұмекеннің шығармашылық ұзақ жолында әнге текст жазуға аса ден қоймағаны бар. Мұның бір себебі, ақынның сүйегі ауыр, техникасы тегеурінді жырлары жөпшенді әуеннің әлдиіне жұбана бермеген ғой. Ал саз өнерінің "шаппай бері" Шәмші жөнінде сөз басқа.
      Дегенмен, осы бір айтулы әннің дүниеге келу себебін Жұмекен мен Шәмшінің елуінші жылдардың аяғында үш-төрт жыл консерваторияда бірге оқып, бастас-қостас болып жүргенінен ғана іздесек, бетінен қалқу болып шығар еді. Ол кезде КСРО деген ел едік те, ал он бес республика соның бауырына телінген төл едік. Ол төлді жусатып, өргізетін де Мәскеу деген мығым саясаткер болатын. Сол саясаткер: әлемдік дамудың ең үздік үлгісі социализмнің игілігін еміп, коммунизмнің уызына жарудан титтей үмітің болса, қазақпын деме - КСРО-ның азаматымын де, қазақша сөйлеме - орысша сөйле, елмін деме - ел ішіндегі республикамын де, - дер еді. Реті келсе, мысықтабандап жеріңді бөлшектеуден, ұры соқпақпен рухыңды ірітуден де кет әрі болмайтын. "Қазақ болма, ең алдымен коммунист бол" деген Никита ағаның "өсиеті" сол кезде айтылған.
      Алайда, бір адамды немесе он адамды мәңгүрт етуге болғанымен, бүтін халықты олай етуге болмайтыны шаң беріп қала жататын. Бұл - Маңғыстауды Түркіменстанға, теріскейдің астықты өлкелері мен батыстың мұнайлы аудандарын Ресейге, түстіктің біраз атырабын Өзбекстанға өңгертіп жіберуді көңірсітіп жүрген көңілсіз кезең болатын. Кеудесінде шыбыны бар қазақтың жан дүниесі шырқырап тұрған тұс еді. Кешегі тәуелсіздік сілкінісі кезінде иілуге көнбей, "бағаналы терек болып шарт жарылған" Жұбан ақынның "Мен - қазақпын!" атты құдыретті дастаны осы құйтұрқы саясатқа берілген халық жауабы демеске бола ма?
      Біздіңше, Жұмекен мен Шәмшінің "Менің Қазақстаным" да мейлінше жуасып бара жатқан қазақ рухын дүр сілкіндіру мақсатында туған зерделі дүние. Бүкіл ұлттық бедеріңді интернационализм атты үлкен өтекпен су жүгіртпей өтектеп тұрған тұста "Мен - қазақпын!" немесе "Менің Қазақстаным" деп қасқая қарап тұру - "жарлауытқа біткен жантақты жанынан безген нар жейдінің" кері емес деп кім айтар?! Сол тұста "Мен - қазақпын" дейтін бүкіл жұрт "Менің Қазақстанымды" бір ауыздан шырқады. Оны "Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған" деп басталатын ресми әнұранымыздың жаңа сипатты жалғасындай қабылдады.
      Мұның бір себебі - жер мәселесі желігіп тұрған тұстағы халық көңіл-күйімен дөп келуінде болса, екінші бір себебі - қуатты әуенмен әдіптелген ән тексі позициясының жалтақтықпен жаны қас, нар намысқа табан тіреген туралығында болатын. Өйткені, күні кешеге дейін елді де, Отанды да жалғыз КСРО деп танып келіп едік қой. Олай болса, сондай үлкен ел құрамындағы қуыршақ жұрт бола тұра: (империялық пиғыл осылай есептеп келген ғой) "Менің елім, менің жерім, жырың болып төгілемін, Қазақстаным!" - деп атадан қалған аманат жерді соның бас иесі ретінде өзіне тәуелдей сөйлеу, тәуелсіздікке меңзей сөйлеу - кеңес өкіметі жылдарында бола қоймайтын үрдіс еді. "Дән егіп терлеген, қазағым мықты ғой" - деп кесіп айту да "бұратана" жұрт өкілі үшін кеспірі келіскен сөз саналмайтын. Осы тұрғыдан алғанда, жасы жиырмадан енді ғана асқан, коммунистік уағызға "күшігінен таланған" қос өрімнің "Менің Қазақстанымын" өз уақытының ерлігі деп танымасқа лажың жоқ. Ақын жарының куәлік етуінше, ән өлеңін жазуға екі-ақ сағат уақыт кетіпті. Бірақ соны шын шеберлікпен шыңдауға аталған қысқа мезет жетіпті. Күні бүгінге дейін сөзінің мәні ескірмей, әнінің сәні кешкірмей халқына қызмет етіп келеді.
      Сөз соңында айтарымыз: қайда қазір осындай асқақ ән, адуынды жыр! Қайда қазір ұрпақ рухын көтеріп, жігерін жаныр жалынды сөз, жарқын саз! Онсыз да езілген еңсені баса түсер жылауық та зарлауық немесе онсыз да желігіп жүргендердің қолтығына су бүркер желікпе әуендерді бір сәт былай қоя тұрып, отаншылдық, патриоттық жырлар мен әндер туғызатын мезгіл жеткен жоқ па екен, сазгер ағайын, ақын дос!..

      ("Түркістан" газеті, 1996 ж., 16-24 желтоқсан).
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 16:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      ӘНҰРАН ЖӘНЕ ҮШ ТҰЛҒА ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ҚАЙНАРЫНА АЙНАЛДЫ

      Рахмет Иманғалиұлы

      1960 жылдардың басында осы мақаланың авторы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде (сырттай оқу бөлімінде) Шәмші Қалдаяқовпен бір-екі жыл бірге оқыған еді. Дарынды сазгер ол кезде Қазақ радиосының музыка бөлімінде редактор екен. Замандас жолдастарының бірі Шәмшіге «журналистік мамандықты меңгеріп ал, керек тастың ауырлығы жоқ» деп кеңес қосса керек. Бірақ Шәкең марқұм екінші курсқа келгенде, қолды бір-ақ сілтеп, дәріс тыңдауға қатыспай қойды. Ән құдіреті оны әлем кеңістігіне алып шыққандай еді. «Менің Қазақстаным», «Ақ сұңқарым», «Ақ маңдайлым», «Бақыт құшағында», «Қайықта»... Міне, Шәмші құдіреті осылай шарықтаған тұс-тұғын. Ол кезде біз құдіретті Қалдаяқовтың Кіші жүздің жағалбайлы руының төл перзенті екенін, анасы Абылай ханның ұрпақтарының бірі екенін білмеуші едік. Шәмшіні бізге тамаша әндері ғана танытып жататын. Ал Жұмекен Нәжімеденов – жерлестеріміз, қайын жұрты жағынан бажалығымыз бар көңілдестер едік.
      «Менің Қазақстаным» өмірге ерекше салтанаттылық жағдайда келгеніне куә болғандай едік. Әу деген қазақ баласы әнші болмаса да, осы әнді ыңылдап шырқай жөнелуге бейім еді. Ал жастардың бастары қосылған жерде алдымен «Менің Қазақстаным» шырқалады. Бір көріністі айтқан артық болмас. 1960 жылдардағы қазақ жастарының мәдениетке, өнерге, оқу-тоқуға ерекше құштарлықтары болатын. Сыйластық, достық ықылас-пейілдері де жан шуағына айналған. Аздап «ұлтшылдық» көріністері де қылаң беретін. Алматы вокзалынан «Алматы – Москва» жолаушылар жүрдек поезы аттанарда перронда қазақ жастары (түгелдей студенттер десе де болғандай) иін тіресе сықап шеңбер жасап тұрып алатын, жолға шығатын жастарды «Менің Қазақстаным» әнімен аттандыратын. Әлі көз алдымда тұрады. Шеңбер-шеңбер болған жастардың ортасында қолтықтасқан үш адам аршындап, айбындап әрлі-берлі жүретін. Олардың ортасында Мұқағали Мақатаев, оның екі қолтығында Жұмекең мен Шәмші келе жатады. «Балықшы балықшыны алыстан таниды» дегендей, дарынды үшеуі бірін-бірі ерте танып, араларында ажырамас достық қалыптасқан. Жұмекең де, Шәмші де аласа бойлы, шағын денелі адамдар, ал Мұқағали марқұм еңгезердей ірі, бойы биік, аққұба жүзі алыстан көзге шалынар еді. Ол екі қолтығына қысып алған ақын мен сазгердің аяқтарын жерге тигізбей көтеріп келе жатырғандай болатын. Құрдастары әзілдейді. Орыстардың «Тройка» деген сәндік көліктері болған. Бір шанаға түстері бірдей үш ақ боз ат жегеді. Оның ортасындағы биік, ірі ақбоз қоңыраулата ілгері тартып, қос қапталдағыларын желдірте түседі. «Менің Қазақстанымды» айбындата шырқап келе жатырған Мұқағали марқұм сол «тройканың» ортадағы ақбозына ұқсайтын. Жұмекен мен Шәмшіге ерекше бір айбын, ажар бергендей болатын.
      Осы көрініс енді еліміздің тарихында мәңгілікке сақталатын болды. Ортадағы ақбоз арғымақ бейнесі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына айналды. Сол кісінің көрегенділігімен Жұмекен де, Шәмші де тарихи тұлғалар шоғырына қосылды.
      Жұмекен Нәжімеденовтің екі тойы қатар келіп тұр. Ол бар болғаны жұмыр жердің бетінде 48 жыл ғана ғұмыр кешті. Әйтсе де дарынды ақынның туғанына елу, алпыс жыл толған мерейтойларын құрманғазылықтар кезінде кең көлемде ұйымдастырып өткізген еді. Енді алдымызда туғанына жетпіс жыл толғанын айшықтандыратын торқалы тойы кезек күтуде. 2005 жылы құрманғазылықтар үшін екі той қатар келді. Әбу ақынның жүз жылдығын атап өтуге байланысты Жұмекен Нәжімеденовтің кезегі жоғары биліктегілердің ұйғарымымен биылға еншіленген. Мұнда да көрегендік келісім болған-ау деп ойлаймыз. Еліміздің жаңа әнұраны арқылы Елбасының арқасында Жұмекен Нәжімеденов әлем танитын тарихи тұлғаға айналып отыр. «Ердің атын елі шығаратыны» тағы да айшықты көрінісін жасауда. Жұмекен – мәңгілік, Жұмекен қашан да халқының ортасында.
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 16:42
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ерлан Корабаев
      "...моральные ценности — не бессмысленное изобретение дряхлых моралистов. Они потому и называются ценностями, что без них невозможны ни дальнейшее развитие общества, ни счастливая жизнь. Я напомню вам для начала несколько древних как мир истин, отменить которые не может ни технический прогресс, ни нигилистическая философия.
      Во-первых, нельзя жить для себя. Думая только о себе, человек всегда найдет тысячу причин чувствовать себя несчастным. Никогда он не делал всего того, что хотел и должен был делать, никогда не получал всего того, чего, по его мнению, заслуживал, редко был любим так, как мечтал быть любимым. Без конца пережевывая свое прошлое, он будет испытывать одни сожаления да угрызения совести, меж тем и то и другое бессмысленно. «Наши ошибки обречены на забвение, ничего иного они не заслуживают». Зачеркнуть прошлое все равно невозможно, попытайтесь лучше создать настоящее, которым вы впоследствии сможете гордиться. Разлад с самим собой — худшее из зол. Всякий, кто живет ради других — ради своей страны, ради женщины, ради творчества, ради голодающих или гонимых, — словно по волшебству забывает свою тоску и мелкие житейские неурядицы. «Подлинный внешний мир — это подлинный внутренний мир»." Андрэ Моруа
      Маған ұнайды:
      05.06.2013, 13:38
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Есіңде бар ма жас күнің,
      Кімді көрсең — бәрі дос.
      Махаббат, қызық, мал мен бақ,
      Көрінуші еді досқа ортақ.
      Үміт жақын, көңіл ақ,
      Болар ма сондай қызық шақ?
      Құдай-ау, қайда сол жылдар,
      Махаббат, қызық мол жылдар?!
      Ақырын, ақырын шегініп,
      Алыстап кетті-ау құрғырлар.
      Жалынасың, боқтайсың,
      Сағынасың, жоқтайсың
      Махаббат кетті, дос кетті,—
      Жете алмайсың, тоқтайсың.
      Көзіме жас бер, жылайын,
      Шыдам бер, сабыр қылайын
      Жаралы болған жүрекке
      Дауа бер, жамап сынайын.

      Абай
      Маған ұнайды:
      22.05.2013, 12:45
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Қызық өмір
      Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат
      Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап.
      Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп
      Біреулердің бақыты жүр сорғалап.
      Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,
      Аласы мен құласы, торысымен.
      Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу
      Ұнатамын өмірді сол үшін мен.
      Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен,
      Құр қалмайды ешкім де үлесінен.
      Өліп-талып жеткенде бақытына,
      Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген.
      Өміріме өзімнің таңданамын,
      Қалмайын деп қатардан қарманамын.
      Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
      Ертеңіме үмітпен алданамын.
      Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,
      Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын.
      Өмір керек көлеңке, шуағымен,
      Өмір керек!
      Басқаның қойдым бәрін...

      Мұқағали Мақатаев
      Маған ұнайды:
      22.05.2013, 11:01
      Предыдущие 6 комментариев
    • Жансултан Жумабек
      Ассалаумагалеикум
      Маған ұнайды:
      30.04.2013, 17:35
      Предыдущие 6 комментариев
      Yernat Abilkassym
      Уаалейкумассалам
      03.05.2013, 9:16
    • Yernat Abilkassym
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 12:41
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Дос болам десең,
      Досымды сыйла, қымбаттым!
      Досыңа сонда,
      Досыммен ғана қымбатпын.
      Дос болам десең,
      Мендегі доспен достасқын,
      Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
      М.Мақатаев
      Маған ұнайды:
      06.03.2013, 16:10
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Маған ұнайды:
      04.03.2013, 11:42
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Шыңның мен танымаймын аласасын,
      Төбе де аласамен таласасың.
      Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
      Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
      Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
      Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
      Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
      Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
      Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
      (Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
      Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі -
      Шапшыған Тянь-Шаньның емшегіндей.
      Күн де оның баурайында дөңгелеген,
      Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
      Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
      Алапат аяныш бар жерге деген.
      Тік тұр ол.Қырын қарап сай-салаға,
      Күн көркі, Көк - мекені, Ай - шағала.
      Қалғымай қанша жылды өткерді екен
      Тәкаппар Тянь-Шаньдағы қайсар аға?
      Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын,
      Тапалдан талайлар-ақ татар жұғын.
      Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,
      Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!
      Маған ұнайды:
      22.02.2013, 16:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Yernat Abilkassym
      Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
      Соған берем ойымның алтын кенін.
      Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
      Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
      Ал екінші бақытым - Тілім менің,
      Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
      Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
      Қасиетті тілімнен түңілмедім.
      Бақытым бар үшінші - Отан деген,
      Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
      ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
      Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
      Маған ұнайды:
      20.02.2013, 12:18
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220