Әдістемелік нұсқаулық
Аға тәлімгерлер мен ұстаз ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық
Аға тәлімгерлер мен ұстаз ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік нұсқаулық
Мақсаты мен міндеттері: Балалар мен жасөспірімдердің Астана қаласына деген қызығушылығын арттыру. Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдер туғызу. Астананың бұрынғы атауы мен қазіргі маңызды мақтаныштары туралы айта отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру. Ертеңгі ел болашағы болып табылатын жас ұландарға өз елі, отаны туралы айта білуге үйрету. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық, ертегіні есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз республикасын танып білуге, жақсы көруге, отанға деген сүйіспеншілікке патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Өскелең ұрпақты оқуға шақыруда, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын толықтыруда «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ балалар арасында сұранысқа ие болатын тоқсан сайынғы журнал шығаруды қолға алып отыр.
Балалар шығармашылығы мен бастамаларын талантты балаларды анықтау және марапаттау арқылы дамытуды ынталандыру.