• 36 баллов

FRIENDS

15 друзей

    МОИ ПОДАРКИ

    2 подарков

    СООБЩЕСТВА

    состою в сообществах

    GAMES

    нет игр

    Много интересных и разных игр
    ждут вас в каталоге.
    • 0
      Serzhan-Ali-Km-ed1187(muzofon.com)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Сагындым+Сен3+Оригинал+2013(music.nur.kz)
    • Райхан Нұржанова

      Таза жүрек,нәзіk үнді,сыршыл ақын.
      (Мағжан Жұмабаевқа арнау)
      Ішімде жанартаудай жатыр жырым,
      Ұшқындап,іште қайнап сұрапылым.
      Мағжандай дара тұлға,дарындыны,
      Асқақтата шабыттанып жырладым.

      Жұлдыз болып көгімізде жанатын,
      Жыр дүлейі қалады есте сара атың.
      Семсердей сілтеп сөздердің алтын кесегін,
      Қазағым үшін күйдің де жандың,қайнадың.

      Серік қып сенің өлеңдеріңді санама,
      Арнадым арнау алғысымдай қып ақын аға,
      Қоғамның көрсем кей кезде құлазып жатқанын,
      Сізді аңсап кетем айтатын ақыл жастарға.

      Ақыным –асыл,ержүрек ,батыл мінезді,
      Мен де бір балаң жырлайтын көңіл көктемі .
      Әрбір сөзіңнен,әрбір ісіңнен үлгі алам,
      Мағжан аға- меруерт өлеңнің төкпесі.

      Азаттықты аңсап арыстандайын ақырдың,
      Қамын ойлап мына сусаған қара халқыңның.
      Арманы үшін бостандық сүйген еліңнің,
      Туладың тасып дауылдайын шарқ ұрдың.

      Жаңғырса сенің сап жырларыңның кесегі,
      Тербеліп дала,самал жел ерке еседі.
      Кестелі сөздің бүккен бір сырын ұғынып,
      Көк бұйра толқын саябырсып тербелді.

      Құрбаны болып солақай саясаттың,
      Қыршын кетті кемелге толы мақсатың.
      Күрескер болып бейбітшілікке бастаған,
      Өжет жырдың өрнегін асқақтаттың.

      Өлеңнің қаптатып сыр төккен отты селін,
      Жырыңменен жамағатты тебіренттің.
      Алаш үшін тоқсан толқып,уайым шегіп ,
      Айбатыңды жолбарыстай көрсеттің.

      Арпалыс күнде көкжалдай азу қайрадың,
      Батыр Баяндай елдіктің шыңын ойладың.
      Заманның зарын,ащы шындықтың айнасын,
      Өрімді өлең өрнегін еңірене торладың.

      Жалындай атып жарқырап асыл тастайын,
      Қара мен ақты ажырата білдің жастайын.
      Туған жеріңді ғашықтай сұлу сөздермен,
      Шалқыта білдің белдерін,көркем баурайын.

      «Егемендікті есіркеймін»деп алқынған,
      Қолдадың қамыққан халқыңды дін аман.
      Сіздей тұлпар әр есте,әр жүректе,
      Өлмей -тұғын артына із қалдырған.

      Жан саясын іздеген махаббаттан,
      Шын достыққа,бостандыққа дабыл қаққан,
      Мағжан аға,сіз десе сағынғандай
      Қазағым,қайран елім мұңын шаққан.

      Жадыратып жанымды кей сезімдер,
      Болашаққа бастайды нұрлы көздер.
      Айбынды елдің үмітін арқалаған,
      Сіз сенген жастарың,мына біздер!
      I like:
      01.05.2013, 15:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • Райхан Нұржанова
      Ұлы тұлғаларға арнау.
      Жырламақпын ардақты да асқаралы,
      Абай менен Шәкәрімдей ақындарды.
      Қанжардай қара өлеңмен қалқан жарған,
      Ойшылдарды,ғұлама өр тұлғаларды.

      Дарабоз,дана дейміз бабаларды,
      Ұшқыр оймен баураған саналарды.
      Мұра етіп қалдырған келешекке
      Аудармалар,қарасөздер,тың жырларды.

      Абай ата өркениетті жетік білген,
      Жақсы таныс әлемдік әдебиетпен.
      Жастайынан болған зерек те елден ерек,
      Әжесі Зере айтқан ертектермен.

      Орта жүз Арғын тайпа Тобықтыдан,
      Әулетінен Құнанбайдың беделі асқан.
      Шын есімі Ибраһим кезінде оны,
      «Абай»деп еркелеткен анасы Ұлжан.

      Содан бері Абай боп тарихқа енді,
      Он жаста Ахмет-Риза медресе білді.
      Ақыл менен қабілетті бойға жиған,
      Әкесі «би болады» деп үміт етті.


      Ұтымды сөз,әділетті билігімен,
      Болыс болып сайланды кемелі кең.
      Қоңыр Көкше елінің тұрмысына,
      Көмкерді көлеңкені сәулесімен.

      Меңгеріп тілдердің терең сырын,
      Оқыды ұлылардың мұралығын.
      Низами,Толстой,Гетелердің
      Еңбегінен бойға алды жақсылығын.

      Жазып кеткен Ғақлия өсиетін,
      Абай ата, текті ойшыл,кемеңгерім.
      Болашақты болжағандай боп көріндің
      Сақтанғаның,жылдар өте серп еткесін.

      Әдебиет тарихында оқшау тұрған
      Өнерде де еңбегі бағаланған
      Ұлы тұлға ұлтының мақтанышы
      Майталман нағыз ақын Абай атам

      Гауһар ойдың ,асыл сөздің тұнығы
      Жарға соққан шындықтың жұмыр оғы.
      Болашағын,ел ертеңін ойлаған
      Һәкім Абай қарасөз қалаушысы.

      Абай ата-ғұлама ойдың кемелі,
      Абай ата-кестелі сөздің ерені.
      Тарихтың тастарына таңба еткен
      Көркейткен даналығын көсем сөзі.

      Абай жыры қазаққа інжу,маржан,
      Ызғарда отты өлеңі жалын шашқан.
      «Болмаса да ұқсап бағар»біз барда,
      Мәңгілік өшпес сенің дара тұлғаң.

      Жалғастырған даналықтың желісін,
      Қалдырмай айтқан қазақтың қате бір ісін.
      Шәкәрім ата-қыран бүркіт ,арыстан,
      Теңеуімді о,халқым, дұрыс ұғын.


      Абай менен замандас әрі інісі,
      Бес жасында оқуға беріледі.
      Жеті жаста жаутаңдап жетім қалып,
      Ендігі Абай берді тәрбиені.

      Талантты ,озық ойлы, парасатты ,
      Жас буынды алға баба жетеледі.
      Кітаптарды оқытып насихатты,
      Жан сарайын байытты өр өрелі.

      Мұң мұқтажын жырлаған байтақ жердің,
      Дүлдүлісің дарыны асқақ елдің.
      Ғасырдан ғасыр жалғаса берсін ,бәрібір,
      Санадан кетпес жырларың болар серігім.

      Асыл сөзбен айбарлы қалдырған өсиеттер,
      Аңсағандай боп тұрад жырларыңды көкжектер.
      Ақиқаттың сара жолын нұсқағансың әр кезде,
      Иманды бол,арлы бол сонда ісің деп биіктер.

      Қазақтың кесте сөзбен қасиетін құйындатқан,
      Абай менен Шәкәрімдей ұлы адам.
      Балғын жырым қанат қақты тыраулап,
      Өздеріңе өлеңдетіп арнаған.

      Қызыл тілдің ділмарлары,сұңқарлары,
      Адамдықты ұғындырар шумақтары.
      Ұмытылмас мәңгілік рухты өлеңдер,
      Ғасыр аунап,жылдар жырақ кетсе -дағы.

      Екі бабам заманның даңғылы еді,
      Жүрекпен төккен ащы зар,тәтті өлеңді.
      Ақтангер ,айтулы ақындарым
      Еліне еңбегімен мәртебелі.

      Жақұт жыр төгіп ,міне нұр кеудемнен,
      Арманым бар алшынбай әлі сенген.
      Арқалы екі арыстың туған жері,
      Семейде шалқып тұрып жыр төксем.


      Айналды жақсылардың бәрі аңызға
      Ұлтымның асылдары санамызда.
      Абай менен Шәкәрімдей әруақ жебеп,
      Қанат бітер осындай алдағы арманыма.

      Сынбайтұғын ,аталар, шынарсыңдар,
      Жайқалған дархан елдің бақшасында.
      Оқығанға өрелі өлең тұмар болар,
      Мен секілді жас жалынның санасына.

      Оңымнан туып күн,айым,
      Шақырдым шабыт сарайын.
      Ұмытылмас ұлылар
      Насихатталса ләйім.
      Туған елім- тұғырлы,
      Ұлылармен ғұмырлы.
      Маздатып жырдың жалынын
      Аяқтадым жырымды.
      I like:
      01.05.2013, 15:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Райхан Нұржанова
      Индерім-мақтанышым.
      Қасиетті,кең байтақ елім дарқан,
      Батыстың даласындағы жерім жатқан.
      Тұяқ тепкен Исатай –Махамбеттер,
      Индерім-тарих толы шежіре,дастан.

      Малайсары би,Мұраттай ақын бабам,
      Кенді айматың киесін көрген жастан.
      «Толағай боп туылсам,шіркін-ай»деп
      Толғаған Табылдыдай таудай тұлғам.

      Мекенім,асқан байлық тұнған қойның,
      Индерім,саған міне жақұт жырым.
      Күн санап көркейіп келе гүлденіп,
      Жазира далам жайқалып жасар бір тойын.

      Қыздары керім сұлу кер маралдай,
      Ұлдары ел қорғаны ер Борандай.
      Үлкені ақылшысы кішісіне,
      Индерім татулықтың аймағындай.

      Жырымды жанартаудай ақтарамын,
      Туған өлкем, байтағым,салар әнім.
      Әрбір тас,топырағыңның киесі бар,
      Индерде туғаныма мақтанамын!
      I like:
      01.05.2013, 15:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Райхан Нұржанова
      Ухмылка

      Граффити:
      I like:
      16.04.2013, 18:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Райхан Нұржанова
      I like:
      16.04.2013, 18:26
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220