Таза жүрек,нәзіk үнді,сыршыл ақын.
(Мағжан Жұмабаевқа арнау)
Ішімде жанартаудай жатыр жырым,
Ұшқындап,іште қайнап сұрапылым.
Мағжандай дара тұлға,дарындыны,
Асқақтата шабыттанып жырладым.
Жұлдыз болып көгімізде жанатын,
Жыр дүлейі қалады есте сара атың.
Семсердей сілтеп сөздердің алтын кесегін,
Қазағым үшін күйдің де жандың,қайнадың.
Серік қып сенің өлеңдеріңді санама,
Арнадым арнау алғысымдай қып ақын аға,
Қоғамның көрсем кей кезде құлазып жатқанын,
Сізді аңсап кетем айтатын ақыл жастарға.
Ақыным –асыл,ержүрек ,батыл мінезді,
Мен де бір балаң жырлайтын көңіл көктемі .
Әрбір сөзіңнен,әрбір ісіңнен үлгі алам,
Мағжан аға- меруерт өлеңнің төкпесі.
Азаттықты аңсап арыстандайын ақырдың,
Қамын ойлап мына сусаған қара халқыңның.
Арманы үшін бостандық сүйген еліңнің,
Туладың тасып дауылдайын шарқ ұрдың.
Жаңғырса сенің сап жырларыңның кесегі,
Тербеліп дала,самал жел ерке еседі.
Кестелі сөздің бүккен бір сырын ұғынып,
Көк бұйра толқын саябырсып тербелді.
Құрбаны болып солақай саясаттың,
Қыршын кетті кемелге толы мақсатың.
Күрескер болып бейбітшілікке бастаған,
Өжет жырдың өрнегін асқақтаттың.
Өлеңнің қаптатып сыр төккен отты селін,
Жырыңменен жамағатты тебіренттің.
Алаш үшін тоқсан толқып,уайым шегіп ,
Айбатыңды жолбарыстай көрсеттің.
Арпалыс күнде көкжалдай азу қайрадың,
Батыр Баяндай елдіктің шыңын ойладың.
Заманның зарын,ащы шындықтың айнасын,
Өрімді өлең өрнегін еңірене торладың.
Жалындай атып жарқырап асыл тастайын,
Қара мен ақты ажырата білдің жастайын.
Туған жеріңді ғашықтай сұлу сөздермен,
Шалқыта білдің белдерін,көркем баурайын.
«Егемендікті есіркеймін»деп алқынған,
Қолдадың қамыққан халқыңды дін аман.
Сіздей тұлпар әр есте,әр жүректе,
Өлмей -тұғын артына із қалдырған.
Жан саясын іздеген махаббаттан,
Шын достыққа,бостандыққа дабыл қаққан,
Мағжан аға,сіз десе сағынғандай
Қазағым,қайран елім мұңын шаққан.
Жадыратып жанымды кей сезімдер,
Болашаққа бастайды нұрлы көздер.
Айбынды елдің үмітін арқалаған,
Сіз сенген жастарың,мына біздер!
0
I like:
01.05.2013, 15:22
Предыдущие 6 комментариев